Аймақтар • 29 Қараша, 2018

Өскеменде дінтанушылар әскерилермен кездесті

501 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемендегі 27943 әскери бөлімде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас штаб бастығының жас буындарды  әскери қызметке бейімдеу жөніндегі ұйымдастыру, тәрбие және психологиялық іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес экстремистік – деструктивтік және дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы іс-қимыл мәселелері  жөніндегі  бейнефильмдерді көрсетумен экстремизм, терроризм, әлеуметтік және нәсілдік алауыздықтың  көзқарастары мен идеяларын таратқаны үшін жауапкершілік туралы ҚР  заңнамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Өскеменде дінтанушылар әскерилермен кездесті

Кездесуге құқық қорғау  органдарының өкілдері және Шығыс Қазақстан облыстық Дін  мәселелерін зерттеу орталығы мамандары, Өскемен және Семей Епархиясының Православ шіркеуі Епископының көмекшілері, ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша Халифа Алтай мешітінің наиб имамы қатысып, «Дәстүрлі емес және радикалдық діни ағымдардың құрылымды бұзатын идеологиясының мәнін түсіндіру» тақырыбында ойларын ортаға салды. Дін  мәселелерін зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі А.Сабалақова өз сөзінде елімізге қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдар, олардың зайырлы мемлекеттің принциптеріне қарсы келетіні, сондай-ақ  жат, радикалды діни ағымдардың мәні, келтіретін қаупіне жан-жақты тоқталды. «Мешіттің наиб имамы жиһад, шахит жайлы сарбаздарға түсінік беріп,  ислам дінінің негізгі қағыдаттары мен  ұстанымдары біздің  бабаларымыз ұстанған  наным-сенімдермен  ұштасып жатқанын  әңгімеледі. Бауырмалдық пен меймандостықтан ешкімнің жапа шекпейтінін  айтты.

Ал Өскемен  және Семей епархиінің жастар  ісінің  өкілі В.Гутов деструктивтік ағымның белгілері мен қаупіне тоқталды. Жас буын ден қойып тыңдап, сұрақтар қойды. Мысалы: қатардағы Н.Богомолов теріс ағымдардан  сақтану жолдарын, қатардағы Рахымберді Елдар діннің жастарға әсерін, ал қатардағы Олжас Шаймерденов мешіт жағалаған кейбір жат қылықтылардан калай құтылу керектігі жайында сауалдарын жолдап, сұрақтарына толымды жауап  алды. Жалпы басқосу жастарға тағылымды тәрбие берді деген ойдамыз», - дейді 27943 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту маманы Бақыт Оспанова.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Өскемен