Жазғы спорт • 29 Қараша, 2018

Магнус Карлсен әлем чемпионы атағын қорғап қалды

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Британия астанасы – Лондонда америкалық Фабиано Каруана мен норвегиялық Магнус Карлсен арасындағы шахматтан әлемдік тәж үшін өткен финалдық кездесу аяқталды.

Магнус Карлсен әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Жарыс қорытындысы бойынша 27 жастағы Магнус Карлсен тай-брейкте америкалық қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, 2013 жылдан бері иеленіп келе жатқан шахмат тәжін және әлем чемпионы атағын сақтап қалды.

Айта кету керек, екі шахматшы арасындағы 12 партиядан тұратын негізгі ойынның барлығы тең нәтижемен аяқталып, спортшылар 25 минут +10 секунд уақытқа белгіленген қосымша 4 тай-брейк өткізді. Қосымша партияның алғашқы үш ойынында Карлсен жеңіске жеткен соң, 4 партияны ойнау қажет болмай қалды. Осылайша норвегиялық шахматшы Фабиано Каруананы жалпы есепте 9:6 нәтижесімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»