Білім • 30 Қараша, 2018

Стипендияны қанша адам алатыны анықталды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүл­шара Әбді­қалықова­ның төраға­лы­ғы­мен Шетелде кадрлар даярлау жө­нін­дегі рес­пуб­ликалық комиссия­ның отырысы өтті.

Стипендияны қанша адам алатыны анықталды

Жиынды ашқан Г.Әбдіқалықова Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мемле­кет­тің барлық бастамалары халқымыз­дың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағыт­талған. Жұрттың сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандығы мен лайықты жұмысы болғанда ғана әл-ауқатымыз артады» деген сөзіне тоқталды.

– «Болашақ» стипендиясы – Мем­лекет басшысы ауқымды жаңа жобаларды іске асырудың бірегей те­тігі ретінде айқындап берген басым бағыттардың бірі, – деді Мемлекеттік хатшы.

Комиссия отырысында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі респуб­ликалық комиссияның хаттамалық тапсыр­маларының орындалуы туралы Білім және ғылым министрлігінің есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» сти­пен­диясының жүзеге асырылуына қатысты бірқатар мәселелер қарас­ты­рылды.

Комиссияның шешімімен 2019 жыл­ға арналған басым мамандықтар­дың тізбесі бекітілді. Құжатта 155 маман­дық қамтылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетіндердің санаты анықталды. 2019 жылға 555 стипендия бекітілді.

Стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, сондай-ақ әлем­нің жетекші ғылыми және өндірістік орта­лықтарында тағылымдамадан өтуге жолданатын 71 үміткерге таға­йындалды.

Жиын қорытындысы бойынша Мем­лекеттік хатшы Гүлшара Әбді­қалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асыруды одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»