Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2018

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер Елбасы мақаласына үн қосты

386 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай мәдени демалыс кешенінде бас қосқан мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті. 

Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова, өлкетанушы Алқажан Еділхан, түркітанушы Бекболат Төлегенұлы, халықты әлеуметтік қорғау және көші қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Арман Елдесов сөз сөйледі.

- Біз әрбір елге немесе ұлтқа еліктемей, керісінше өзіміз өзгелерге үлгі бола білуіміз керек. Бұл жерде ең бастысы сананы өзгерту маңызды. Сонда ғана қоғам жақсылыққа қарай қадам басады, ал біздер соған себепкер бола білуіміз керек, әсіресе мемлекеттік қызметшілер. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген де бір сөз бар. Сол себепті әрбір жанұяда ізгілік, имандылық, жауапкершілік туралы көбірек айтылса, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптаса түседі, нәтижесінде рухани тұрғыдан дами түсеріміз сөзсіз, - деді Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Н.Жанназарова.

Қазақ елінің әр өңірі қасиетті және тарихын тереңнен білу – әрбір қазақстандықтың парызы. Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осы мәселеге баса назар аударып, «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Бұл ретте өскелең ұрпақты туған жердің тарихын білуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды деген Нұргүл Алмасқызы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада ажырамас байланыстың барын, туған өлкеге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден, атамекеніңді құрметтеуден басталатынын және «Тарихыңды білмей, болашағыңды болжай алмайсың» деген бабалар сөзін естен шығармауға шақырды.

- Ұлт көшбасшысының өз мақаласында Қазақстан күллі түрік халықтарының қасиетті қара шаңырағы, Түркі әлемінің бесігі, Түркі әлемінің генезисі деп атап көрсетуі алтын діңгегімізді айқындап берді деп ойлаймын. 2014 жылы Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған Франция астанасы Париждегі қандастармызбен кездесуіне: Біз түбі де, тегі де бір халықпыз. Аталы тұқым ешқашан азып тозбайды деп шегелеп берген болатын. Ұлылардың ұлысы тігіліп тұлпардың тұяғы шаңдатқан Маңғаз Маңғыстауда талай жеңістердің куәсі болған қасиетті мекен. Бекет ата, Шопан ата, Сейсем ата, Әйгілі Шах мардан қиссасындағы Шақпақ ата ғасырлар бойы рухани азығымыз болып келе жатыр, деді Президенттің Ұлы даланың жеті қыры мақаласына пікір білдіргендердің бірі - халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы А. Елдесов.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы