Әлем • 07 Желтоқсан, 2018

Ангела Меркель ХДО партиясының көшбасшысы қызметінен кетті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия канцлері Ангела Меркель желтоқсан айындағы партия көшбасшысының сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайды.

Ангела Меркель ХДО партиясының көшбасшысы қызметінен кетті

Сонымен қатар, оның айтуынша, ол 2021 жылдан кейін қандай да бір саяси лауазымға үміткер бола алмайды.

2000 жылдан бері партияны және 2005 жылдан бастап Германия үкіметін басқаратын 64 жасар Меркельдің осындай шешіміне Гессен мен Бавариядағы Христиандық-демократиялық одақ және Христиандық-әлеуметтік одақ партиясы үшін болған сайлау қорытындыларының сәтсіздігі себеп болды.

Қыркүйекте жүргзілген сауалнама мәліметтері бойынша, канцлер жұмысына сайлаушылардың жартысынан көбінің көңілі толмайды, тек 17% - ға жуығы риза.

Дегенмен пікір білдірушілер ХДО-да партия ішінде Меркельмен танымалдық жағынан сайысқа түсетін саясаткер жоқ деп есептейді.