Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қанша тыйым болғанымен сұғанақ қолдар киік атуын қоймайды. Жангелдин аудандық полиция бөлімі табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлесіп рейд жүргізді.

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

Олар Торғай-Арқалық тас жолының Шұбалаң елді мекеніне жақын тұсында «Тойото» маркалы машинаны тоқтатты. Машина жүргізіп келе жатқан 38 жастағы жігіт Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылының тұрғыны болып шықты. Тексергенде машинадан киіктің мүйізі және 12 калибрлі мылтықтың патрондары табылды.

Бұл факт ҚР ҚК 339-бабы, яғни «Сирек және құрып кету алдында тұрған, сондай-ақ пайдалануға тыйым салған жануарларды заңсыз атқаны үшін» сотқа дейінгі істің біріңғай тізіміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдікті іс-әрекетін мойындады. Ол киіктің төрт текесін атып, мүйізін кесіп алған да, денесін лақтырып кеткен. Полицейлер күдіктінің көрсетуімен ол аң аулаған жерге барып, киіктердің өлексесін жиып алды. Табиғат қаскөйі өз еркімен мылтығын тапсырды. Қазір қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай