Өнер • 11 Желтоқсан, 2018

Қазақстанның сурет көрмесі ашылды

988 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласындағы SIMA музейінде «Еу­ра­­­зиялық утопия: Post Scriptum» ат­ты көр­ме ашылды. Экс­по­зи­цияға қазақ­стан­дық су­ретшілердің 100-ден астам туынды­сы қо­йылды. 

Қазақстанның сурет көрмесі ашылды

«Фокус Қазақстан» жо­­­­­­­басы аясында Лондон (Ұлы­­­­­британия), Берлин (Гер­­мания), Джерси Сити (АҚШ) қалаларында өткен та­­­қырыптық көрме енді Су­­вон қаласына сапар шек­ті. Жоба кураторы Ро­за Әбе­­­­нованың айтуынша, ба­ғ­­­­­дар­лама халықаралық аре­­­надағы Қазақстанның за­­ма­науи бейнелеу өнерін ай­­тулы деңгейде көрсете ал­­­­­ған бірден бір табысты мысал.

– Төртінші рет өткізіліп отырған көрмеде 400-ге жуық жұмыс және 94 суретшінің мұрағаттық құжаттары көр­се­­тілді. Жобаның соңын­да әр көрме бойынша ка­та­лог­тар шығарылады. «Еу­­­ра­зиялық утопия: Post Scriptum» көрмесі кеңес­тік кезеңнің және зама­науи суретшілердің шы­ғар­­­машылығын зерделеу, көркемдік дәстүрдің жал­ғасы мен үзілуін көрсету, республикамыздың тәуел­сіздігі кезеңіндегі қазіргі за­манғы өнердің дүниеге ке­луін, жаңа дискурстар мен медианың пайда болуын зерттеу арқылы қазақ­стан­дық өнердің нарративін анық­­­тауға тырысады, – дей­ді ол.

Ұлттық сурет өнері мек­тебінің ерекшеліктері, «жер­гілікті модернизм» феномені және тәуелсіздік кезеңіндегі өнер – осы көрменің бас­ты тақырыптары. Көрмеде Үкі Әжиевтің, Ольга Ку­же­ленконың, Салахитдин Айт­­­баевтың, Жаңатай Шәр­­­­­деновтің, Евгений Си­­­дор­киннің, Алексей Сте­па­­­новтың, Михаил Ким­­нің, Борис Пактың, Әб­ді­­рашит Сыдыхановтың, Рус­­там Хальфиннің, Сер­гей Масловтың, Сәкен На­ры­­­­­новтың, Серікбай Әл­жа­нов­­тың, Ербосын Мел­ді­­­бе­ков­тің, Елена мен Вик­­­­­тор Воробьевтардың, Але­к­­­­сандр Угайдың, Ба­қыт Бү­біқановтың, Әлі­бек Мер­­­­геновтің, Сәуле Дүй­сен­­­бинаның, Нұрбол Нұ­­рах­­меттің және басқала­рының шығармалары ұсы­­­нылды. «Еуразиялық у­то­пия: Post Scriptum» көр­ме­­­сінің жетекшілерінің бі­­­­­рі Шин Ын Янгтің (Оң­түс­­­­тік Корея) айтуынша, Қа­­­­зақ­стан мен Кореяның та­­ри­­хи ортақ тұстары көп әрі қа­зақ мәдениеті мен дү­­ние­­та­нымын таныстыруда атал­ған көрменің ор­­­­ны ерекше. Көрме 2019 жылдың 3 наурызы­на дейін жалғасады. «Фокус Қа­­­зақстан» жоба­сын Мә­дениет және спорт ми­нис­­трлігінің қол­дауы­мен Қа­­зақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Ұлттық музейі ұйым­дас­тырып отыр.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»