Кәсіпқой бокс • 11 Желтоқсан, 2018

Геннадий Головкин ІВО рейтингінде көш бастап тұр

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кәсіпқой бокстан ІВО нұсқасы бойынша әлемдік рейтинг қайта жаңартылып, үздіктер тізімі көпшілік назарына ұсынылды.

Геннадий Головкин ІВО рейтингінде көш бастап тұр

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында мексикалық Сауль Альварестен ұтылғаннан кейін шаршы алаңға шықпағанына біраз уақыт болғанына қарамастан қазақстандық Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесіндегі бірінші орынды сақтап қалды.Сондай-ақ, ІВО нұсқасы бойынша «ТОП-100» боксшының қатарында мына отандастарымыз еніп отыр:

Батыр Жүкенбаев (бірінші орта салмақ)  – 27 орын,

Бейбіт Шүменов (бірінші ауыр салмақ) – 32 орын,

Әли Ахмедов (жартылай ауыр салмақ) – 34 орын,

Мейірім Нұрсұлтанов (орта салмақ) – 59 орын,

Иван Дычко (аса ауыр салмақ) – 89 орын,

Абылайхан Құсайынов (жеңіл салмақ) – 93 орын,

Бақтияр Эюбов (жартылай орта салмақ) – 95 орын,

Айдос Ербосынұлы (екінші жартылай орта салмақ) – 97 орын

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше