13 Желтоқсан, 2018

Азаматтар құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді

458 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның омбудсмені Асқар Шәкіров Жоғарғы сотпен ынтымақтастық туралы меморандум аясында сот тәжірибесін жинақтау тәртібінде оның Төрағасының атына қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпарат жолдады.

Азаматтар құқығын қорғаудың өзекті мәселелерін көтерді

Адам құқықтары жө­нін­дегі уәкіл атына соңғы 12 айда азаматтардың сот ше­шім­дерімен келіспеуі тура­лы 329 шағым-арызы келіп түсті, бұл тіркел­ген өтініш­тердің жалпы санының 26%-ын құрай­ды. 226 шағым сот ісін жүр­гізудің қылмыстық түрі­не, 91-і азаматтық, 12-сі әкім­шілік түріне тиесілі.

Шағым-арыздардың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келіп түскен.

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтарды қылмыстық қудалауға жөн­сіз тартудың негізгі себебі – сотқа дейін­гі іс жүргізу саты­сында заң­ды­­лық пен іс жүр­гізу норма­ларының бұ­зылуы. Атал­ған бұзу­шы­лық­тарға сот бақы­лауы өкі­­­лет­тігі берілген тергеу судья­­ларының уақтылы баға бермегені анық.

Арызданушылар өз хаттарында үкімнің негізіне, әдет­те, қылмыстық қуда­лау органының айыптау актісі алынатынын; сот ісі материалдарына тәуел­сіз сараптамалардың қоры­тын­дыларын, қорғау куәгер­лерінің айғақтарын қосу туралы өтінішхаттар қабыл­дан­байтындығын; тергеу барысында іс жүргізу бұзу­шылықтары назарға алынбайтынын; кінәнің жанама дәлелдемелеріне жол берілетіндігін жиі атап өтеді.

Жоғарыда аталғандар Бас прокуратура деректері­мен расталады, оған сәйкес 2018 жылы апелляциялық сатыда өзгертілген және жойылған сот актілерінің саны 1,5 есеге өсті. Прокура­тура органдарының нара­зы­лықтары бойынша кас­са­циялық саты 200-ден астам сотталған адамның жағ­да­йын жақсартты (оның ішінде 12 адам толық ақталды, 19-ы ішінара, қалғандарының жазаны өтеу мерзімі, ұстау режімі төмендетілді).

Осыған байланысты Жо­ғар­ғы соттың кеңейтілген кеңесінде 2017 жылғы жұ­мыс қорытындысы бойынша судьялардың алдында тараптардың сот ісін жүр­гізуде жарыспалылық қа­ғи­датын дамыту міндеті қо­йыл­ғандығы атап өтілді.

Сондай-ақ омбудсмен азаптаулар туралы жария еткен тұлғаларды қылмыс­тық жауапкершілікке тарту туралы қоғамда талқыға салынған мәселені қарауды ұсынып отыр. Көп жағдайда азаптаулар фактілерінің тиісті тергелуіне күмән­дан­ған жәбір­ленушіл­ер, жал­ған мәлі­мет жеткізгені үшін айып­талудан қорық­қан­дықтан, оларға қатысты жасалған қылмыс туралы жария етуден қауіптенеді.

Сондай-ақ шағым-арыз­­дарда алқабилер инс­ти­­ту­тының істің сотта қара­луын кеңейту, сот ісін жүр­гізудің қылмыстық-іс жүр­гізу нысаны мен алқа­би­лерге үміткерлердің сотқа де­йін­гі іріктеу процеду­ра­сын  жетілдіру  бөлі­гінде алқабилер институты дамуы­ның маңыздылығы тура­­лы айтылған. Алқаби­лер­дің тәуелсіздігін нығай­туға, сондай-ақ олардың судьялармен құқықтық қарым-қатынасын нормативтік жетілдіруге көңіл бөлінді.

Омбудсмен жоғарыда көр­сетілген мәселелер қазір­гі уақытта Парла­мент Мәжілісінде  қаралып жатқан «Қазақстан Респуб­ликасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі тура­лы» Қазақстан Республи­касының Конституциялық заңына өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс табатынына  сенімін білдіреді.

 

«Егемен-ақпарат»