Өнер • 13 Желтоқсан, 2018

Әмина Жапар «Бала дауысы» ұлттық байқауында бірінші орын алды

442 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұлымшағы желбіреген Әмина Жапар тағы да топ жарды. Елімізде ең ауқымды музыкалық жоба саналатын «Бала дауысы» ұлттық байқауында бірінші орынды жеңіп алып, Мәскеу қаласында өтетін айтулы «Звездный час» халықаралық байқауына жолдама алды.

Әмина Жапар «Бала дауысы» ұлттық байқауында бірінші орын алды

Іріктеу кезеңіне Қазақ­станның барлық өңірлерінен 4 мыңға жуық балапан ән­шілер жиналып, 19-ы ғана ақтық сынға өтті. Майра Мұха­мед­қызы, Жеңіс Сей­доллаұлы, Жанар Дұғалова сынды танымал өнерпаздар қазылық еткен додада Әмина күшті дау­сымен, диапазонының кең­дігімен таңдандырды.

Шынашақтай қыздың жұл­дыздай жарқыраған сәттері аз емес. Ерекше есте қалғаны–«Аялаған Астана-2017» бай­қауы. Онда В.Цойдың «Ку­кушка» әнін нақышына кел­тіре орындағанда, залдағы көрермен қауым орындарынан тік тұрып қол соғыпты. Қазылар 50 ұпайдан 49 ұпай берген. Он жастағы оқушының ешкімге ұқсамайтын тұнық даусы керемет тәнті еткен. Сонда оның «мен өзімнің көпбалалы от­басынан шыққанымды мақ­тан етемін. Ең алдымен ата-анама қарыздармын. Үш сің­лім – жақын құр­быларым. Байқаудағы өнерімді сіңлім Ле­минаға ар­наймын. Оны ем­дет­кім келе­ді» деген сөздерін ес­­­ті­ген жұртшылықтың кө­ңілі бо­сап, арманының орын­­­­далуына т­ілектестік біл­­­дір­ген. Осы­лай­­ша Гран-при­­ді қан­­жы­ға­ға байлаған жер­­ле­сіміз «Дет­­­ская волна» бай­қа­уы­на жол тарт­­ты. Мұнда да кәсіби әнші­­лерше сахнада өзін ер­кін ұс­тады. Қазақстанның намысын абыроймен қор­ға­ды.«Көрермендер көз­айы­мы» аталымы бойынша ар­найы сыйлықты атақты әнші Лев Лещенконың өзі тап­сырды.

Өнерлі әулет ортасында тәрбие алған ол жастайынан әнге ғашық болып өсті. Талант қырының бүр жаруына зор ықпал жасаған ата-анасына, ұстаздарына алғысы шексіз. Қазір оны ән әлеміне ресейлік танымал продюсер Лина Арифуллина баулып жүр. Ендігі мақсаты – ресейлік көрермендерін тағы бір тәнті ету.

 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы