Спорт • 13 Желтоқсан, 2018

Сабина Бакатова халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық гимнасшы Сабина Бакатова Олимпиада чемпионы Марина Лобачтың сыйлығы үшін көр­кем гимнастикадан өткен XVI халық­аралық турнирде күміс медаль алды.

Сабина Бакатова халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

1988 жылы Сеул қаласында өткен жазғы Олимпия ойындарында көркем гимнастикадан Кеңес Одағының атынан алғашқы алтын медальді олжалаған Марина Лобач атындағы турнир 2002 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Минск қаласында (Беларусь) өткен байрақты бәсекеге 10 мемлекеттің спортшылары өз бақтарын сынады. Атап айтқанда, Израиль, Италия, Қазақстан, Кипр, Литва, Поль­ша, Ресей, Украина, Эстония және Беларусь.

 

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»