Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық мәслихатының ХХ сессиясында депутаттар аймақтың дамуына ерен үлес қосқан үш ардагерге, атап айтқанда Мұзараф Аханов, Қасымбек Медиев және Григорий Презентке «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілуін бірауыздан қолдады.

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

Мұзараф Аханов ұзақ жылдар Жезқазған аймағында геологиялық барлау саласында қызмет етті. Академик Қаныш Сәтбаевтың жетекшілігімен Жезқазған кен орнында полиметаллдық қордың бас есептеулерін жасауға қатысқан. Никольск халық депутаттары Кеңесінің атқарушы комитетін басқарған. Сәтбаев қаласының құрметті азаматы.

Мемлекет және қоғам қайраткері Қасымбек Медиев жетекшілік қызметтерді атқарды. ҚР Еңбек сіңірген қайтаркері. Шет ауданының әкімі, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы болған. «ҚР Мәслихат депутаттарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесін басқарған.

Көмір саласының ардагері Григорий Презент ұзақ жылдар Костенко шахтасында еңбек еткен, өндіруші учаске бастығының көмекшісінен бастап директор лауазымына дейінгі еңбек жолын өткен. «Қарағандыкөмір» ӨБ бас директоры, «Испат-Кармет» ААҚ көмір департаментінің атқарушы директоры болды. ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Шахтинск қаласының құрметті азаматы.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды