Қаржы • 13 Желтоқсан, 2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер, даму келешегі» тақырыбында дөңгел үстел ұйымдастырылды.    

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

БЖЗҚ бастамасымен ұйымдастырылған шараға қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер, жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, салымшылар,  т.б. қатысты. (алушылар) қатысты.

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы баяндады. 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушылардың 10 млн астам жеке зейнетақы шоттары ашылған. Оларда 9,1 трлн теңге сомасында зейнетақы жинақтары шоғырландырылған. Жүйе іске қосылғаннан бері оған зейнетақы жарналары ретінде барлығы 6,6 трлн теңге аударылды. Ал төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған жинақтардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Жинақтардың үштен бірінен астамы салымшылар мен алушылардың шоттарына инвестициялық басқарушылардың күшімен инвестициялық табыс ретінде келіп түскен. 

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағынының бірыңғай операторы болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның бұдан 20 жыл бұрын зейнетақы реформасын жүргізуі қоғам және экономика үшін маңызды қадам болғанын атап өтті. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту қажеттілігі айтылды.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ