Руханият • 14 Желтоқсан, 2018

Президентке жасалған тартулар

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына шет мемлекеттер мен үкімет басшылары, шетел делегация­лары, ел тұрғындары тарту еткен сыйлықтардан тұратын арнайы экспозиция залы ашылды.   

Президентке жасалған тартулар

Музыка аспаптарының коллекциясына қарапайым ас­паптардан бастап, құрылымы мен орындау мүмкіндігі бойын­ша аса күрделі болатын 35 жә­дігер қойылған. Жалпы, «Әлем халықтарының музыка аспаптары» тұрақты көрмесін құру идеясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі кезінде музейге келген қонақтардың қызығушылығынан туындаған. Ал «Қазақстанның спорттық даңқы» экспозициясы Ұлттық олимпиада комитетінің ын­ты­­мақ­тастық жөніндегі ме­мо­­рандумы аясында ұйым­дас­тырылатын іс-шаралар қа­тарын жалғастырады. Кезекті бір мәртебелі жеңістен соң «Жеңісімді Елбасына арнаймын» деп жататын даңқты спортшылардың тарту еткен сыйлықтары, мәселен, В.Жиров пен М.Мәзімбаевтың белбеуін, А.Винокуровтың велосипеді мен киімін де осы қатардан көре аласыз. 

Жиынға бокстан халық­аралық дәрежедегі спорт ше­бері, боксшы Мерей Ақша­лов, Мемлекеттік күзет қызметі Пре­зидент оркестрінің ән жә­не эстрада ансамблі басшысы, майор Марал Сахметова қатысып, мерекелік кештің шырайын кіргізді.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»