Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2018

Өскеменде жер үсті көпірі жұмыс істей бастады

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өскемендегі Абай және Тәуелсіздік даңғылы қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті көпірі жұмысын бастап кетті.

Өскеменде жер үсті көпірі жұмыс істей бастады

Әлі салтанатты түрде пайдалануға берілмеген көпірдің жалпы ұзындығы - 87 метр. Жан-жағы қалың әйнектермен қоршалған. Мүгедек жандарға арналған лифт те жұмыс істейді. «Қос көшенің қиылысында бұған дейін 57 жол көлік оқиғасы орын алыпты. Енді тұрғындар көпір арқылы алаңсыз қатынайды. Шет елдердегі секілді төменде көліктер зулап жатса, адамдар көпірмен әрлі-берлі өтіп жатыр. Терезеден қала келбетіне көз салып, тамашалауға да болады. Қандай жақсы. Мұндай жер үсті көпірлері алдағы уақытта шаһардың басқа да көшелерінде салынады. Мұның бәрі адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Баршаларыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын», - деді жаңа нысанның жұмысымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН