Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына жаңа эксклюзивті жәдігер ретінде Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың пайдалануында болған 2005-ші жылғы S-классты «Мерседес» автокөлігі қойылды.

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

 Құнды жәдігерді көрсетуге арналған шараның бірінші күнінде жиналған адамның қарасы мол болды. Олар экскурсия жүргізушілерінен көліктің сипаттамасын ерекше қызығушылықпен сұрастырды.

Елбасының қауіпсіздігін сақтау мақсатында арнайы жасалған жайлы автокөліктің терезелеріне оқ өтпейтін әйнектер орнатылған және қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Көліктің салмағы 5,5 тонна.

Шараға Президенттің серіктестері шақырылды. Олар аталған экспозиция облыс тұрғындары, әсіресе жастар үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

– Жастарға Елбасының қызметтік көлігін, оның жеке заттарын тамашалау өте қызықты. Себебі Президенттің өмірі өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылады, – деп атап өтті Президенттің үзеңгілес серіктесі Ермек Төлеубаев.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды