Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018

Нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрге сай еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлкен үлесі үшін нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды. 

Нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды

 Марапаттарды «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев тапсырды. 

Марапат иелерін қуаныш­тары­мен құттықтаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңызына назар аударды. Сондай-ақ ол егемендіктің 27 жы­лында еліміздің барлық сал­а­да ауыз толтырып айтар­лық­­т­ай жетіс­тіктерге қол жет­кіз­генін, Елбасы саясаты­ның ар­қа­сында Қазақстанның ал­пауыт елдермен терезесі тең, әлем­­дік қауымдастықта абырой-бедел­ге ие мемлекет болып қа­лы­п­тас­­қа­нын айтты. 

«Парасат» орденімен «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы­ның бірінші орынбасары Серік Сүлеймен наградталды. Одан бөлек, белсенді нұротан­дық­тар «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ­стан Республикасының Құр­мет гра­мотасымен, «Астана­ға – 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен «Нұр Отан» партиясының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Жалпы, мереке күндері «Бел­сенді қызметі үшін» төсбелгі­сімен – 61, «Құрмет» грамотасымен 111 нұротандық наградталды. Олардың қатарында Мәжіліс депутаттары, Орталық аппарат пен партия тарапынан құрылған мекемелердің қызметкерлері, аймақтық және аумақ­тық партия филиалдарының өкіл­­дері бар, деп хабарлады «Нұр Отан» пар­тиясының баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар