Бокс • 19 Желтоқсан, 2018

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күніне орай Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті. Жарысты «Қазақ промоушен» компаниясы мен «Астана арландары» бокс клубы ұйымдастырды.

Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтті

Астанадағы кәсіпқой бокс кешін ашқан Асхат Уәлиханов украиналық қарсыласы Ярослав Юровпен алты раунд айқасып, төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті. Ал Канададан келген Абылайхан Құсайынов украиналық Максим Морозды үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді. Айдар Шәрібаев Украин­а спортшысы Артем Айвазидимен алты раун­д  жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Айдар қарсыласын екі рет нок­даунға жібергенін айта кетейік. 

Ең ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев украин Павел Кроленкомен айқасып, қар­сыласынан төрешілер шешімі бойын­ша басым түссе, Қытайда туып-өскен қандасымыз Елшат Нығматоллаұлы жерлесіміз Мардан Берікбаевпен жұдырық­тасып, төрешілер шешімі бойынша тең түсті.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»