Футбол • 19 Желтоқсан, 2018

«Астана» Еуродода турнирін аяқтады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі соңғы турда Францияның «Ренн» командасынан жеңіліп (2:0), плей-оффқа шыға алмады. Елорда командасы 8 ұпаймен үшінші орында қалып қойды.

«Астана» Еуродода турнирін аяқтады

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастап, Еуропа лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен «Астана» командасы биылғы маусымда 5 миллион 540 мың еуро табыс тапты. Бұл түпкілікті сома емес. Турнирдің әрбір қатысушысы рейтинг бойынша тағы қосымша ақша алады (соңғы 10 жылдағы нәтижелері есепке алынады). Одан бөлек, маркетингілік табыс бар (ТВ-құқығын сату).

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»