Өнер • 21 Желтоқсан, 2018

Мақсатымыз – заман талабына сай,бәсекеге қабілетті өнер маманын дайындау

851 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мамандық таңдау – орта мектепті енді ғана бітірген жастардың өзіне деген ең негізгі міндеті. Бұл аса маңызды шешім үлкен жауапкершілікті қажет етеді, себебі таңдалған мамандық – олардың келешегі. Ал ел келешегі – жастардың қолында.

Мақсатымыз – заман талабына сай,бәсекеге қабілетті өнер маманын дайындау

Көп салалы ірі жоғары оқу орны болып табылатын М.Әуе­зов атындағы Оңтүстік Қаз­ақ­­стан мемлекеттік уни­вер­си­­­­теті құрамындағы «Педагогика және мәдениет» факультетінде «Бей­не­­леу өнері және дизайн» ка­федрасы өз орнын тапқан. Бұл кафедрада ғылым докторы, перо­фессор, доценттер, ғылым канди­даттары, Қазақстан және шетел суретшілер, дизайнерлер одағы­ның мүшелері қызмет етеді. Кафедраның профессор-оқыту­шылар құрамы қатарында елі­міз­дің ғана емес, шетел жоғары оқу орнын үздік бітірген ұстаздар да бар. Бұл ретте, келесі жылы пай­ғам­бар жасын салтанатпен атап өту ниетінде жүрген құрметті де білікті ұстаз, Қазақстан Республикасының мәдениет қай­рат­кері, Суретшілер ака­де­миясының корресподент-мүшесі, профессор Әнуарбек Айдо­совты мақтанышпен айтуға болады. Х.А.Ясауи атындағы Халық­аралық Қазақ-Түрік универ­си­те­тінің «Дизайн және жарнама» мамандығы бойынша бітірген ол, көптеген және республикалық көркемөнер көрмелеріне қатысып келеді. Әнуарбек Айдосовтың шығармашылық жұмыстары бүгінде көптеген алыс, жақын шетел өнер мұражайында, көр­кем­­­сурет галереяларында және жеке қорларда (АҚШ, Гер­ма­ния, Оңтүстік Корея, ТМД мем­лекет­тері) сақталуда. Ол сонымен қатар «Қазақ авангарды», «Ком­позиция негіздері» және «Кес­кіндеме сыры» атты оқу құрал­дарының авторы. Сондай-ақ бұл қатарда А.Н.Косыгин атын­­дағы Мәскеу тоқы­машылық институтының «Текстиль және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын моделдеу және көркем безендіру» мамандығы бойынша бітірген, Өзбекстан Көркемөнер ака­де­мия­сының шығармашылық бір­лес­тігі мүшесі Бөріжан Төре­баев­ты да атап айтуға болады. Ол көптеген алыс, жақын ше­тел және республикалық көр­кем­өнер көрмелеріне белсенді қа­­тыс­қан (АҚШ, Германия, Вьетнам, Венгрия, т.б. және бірқатар ТМД елдері). Бөріжан Төребаевтың да шығармашылық жұмыстары Қазақстан көрме ди­рек­циясы қорынан орын алған. «Манестралы натюрморт» атты кес­кіндемелік карти­на­сы Өзбек­стан мемлекеттік өнер мұра­жайында сақталуда. Ол – «Ор­на­ме­нт и цвет в дизайне текстиля» Мо­нография. LAP LAMBERT Academic Publishing /Германия/, «Основы ди­зай­на текстильных изделий» оқулығы, «Цвет в текстиле», «Түстану», тағы да басқа оқу құрал­да­ры­ның және 150-ге жуық ғылыми ма­қа­ла­лар­дың авторы.

Ел іші – өнер кеніші. Де­ген­мен жас талантты іріктеп алып, нағыз өнер майталманы дәрежесіне жеткізу – өте күр­­делі мәселелердің бірі. Осын­­дай талапты жастарды қол­дау мақсатында М.Әуезов атын­дағы ОҚМУ «Бейнелеу өне­рі және дизайн» кафедрасына қа­рас­ты «Жетіасар» картина галерея­сын­да жыл сайын көрмелер ұйым­дастырып тұру дәстүрге айнал­ған. Жуырда осы галереяда уни­верситетіміздің 75 жылдық мерей­тойына арналған «Дала әуендері» атты студенттер мен белгілі қылқалам және дизайн шеберлерінің көрмесі сәтті өтті. «Өнер – өте киелі ұғым екендігі баршаға мәлім. Сондықтан да оны қадірлеп, саналы түрде бағалай білу – күллі адамзат үшін басты міндет деп есептеймін», деді кафедра меңгерушісі Даулетхан Сейтмаханұлы Болысбаев осы көрме­нің салтанатты ашылу іс-шарасында сөйлеген сөзінде.

Елбасы Н.Назарбаевтың жа­қын­да «Рухани жаң­­­ғыру» атты бағдарламасының жал­­ғасы ретінде жарыққа шық­қан «Ұлы даланың жеті қыры» ат­ты мақаласында мынадай сөз­дер бар: «...Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.

Олардың мұрасының жарқын көрі­нісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі «аң стилі» өнері.

...Аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжіри­бесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасы, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.

«...Рухани жаңғыру» жалпы­ұл­т­тық бағдарламасының жа­ңа компоненттері ата-баба­ла­ры­мыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлы өркениет жағ­дай­ын­да түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді».

Президентіміз айтқандай, «әлем­дік өнердегі биік белес­тер­дің бірі болып саналатын «аң стилі» феномені» бүгінгі таңда ка­федра өнертану саласындағы ғана емес, барлық бейнелеу өне­рі және дизайн саласындағы профес­сор-оқытушыларының басты назарында.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан­дық­тар­­­­дың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қаз­ақстан халқына арнаған биыл­ғы Жолдауында бүгінгі қоғам­ды тол­ған­дырған әлеуметтік проб­ле­ма­ларды шешудің нақты тетік­те­рі ұсы­­нылған. Осы Жолдауда Прези­ден­тіміздің әлеуметтік маңызы бар мә­се­лелердің бірі орта және жоға­ры білім беру жүйесін жетілдіру жайы­на арнайы тоқталғанын ерекше атап өткен жөн. Бұдан былай жоға­ры оқу орындарының біліктілігі тү­лек­терінің жұмысқа орналасуымен өл­шен­уі және басқа да тәжірибелерді негізге алуын Елбасының өте ұтымды идеясы деп санауға болады.

Маман дайындау саласында жоғары білім беру сипаты талабын көтеру керек – Мемлекет басшысы өзінің жаңа Жолдауында бүгінгі нарық жағдайында педагогтер арасынан білімнің жоғары сипатын қамтамасыз ете алатындар ғана қалуы тиіс деген сөзді қадап айтып, осындай тапсырманы күн тәртібіне қойды.

Сол себепті, егеменді еліміздің сеніміне, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті заманауи мамандық иесін дайындау – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы про­фес­сор-оқытушылары үшін басты мақсат. Бұл – әрине олар үшін жоғары азаматтық жауапкершілікті жүктейді.

 

Дәулетхан Болысбаев,

 ОҚМУ «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., доцент, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі,

Бөріжан Төребаев,

 ОҚМУ «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, ӨР Көркемөнер академиясының шығармашылық бірлестігі мүшесі