25 Желтоқсан, 2018

2018 жылы қазақстандықтар «Сәтті Жұлдыз» лотереясынан 1 миллиард теңге ұтып алды

310 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1 жылдың ішінде «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотерея операторы қазақстандықтарға 1 миллиардтан астам ұтыс төледі. Шамамен 900 000 қазақстандық ақшалай ұтыс иегерлері атанды.

2018 жылы қазақстандықтар «Сәтті Жұлдыз» лотереясынан 1 миллиард теңге ұтып алды

«Біз лотерея ойындарын осы жылдың наурыз айында іске қостық. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап тестілік режімде лездік лотерея ойындары әрекет етті. Осы уақыт аралығында біз 1 миллиард теңгені құрайтын ұтыс төледік. Бұл тек бастамасы ғана, келесі жылы бұл сома бірнеше есе ұлғаятынын айта аламын. Осы жылғы ең ірі ұтыс 24,5 миллион теңгені құрайды, оған Қарағанды қаласының тұрғыны ие болды. Біз Ұлттық лотерея операторы ретінде алдымызға лотерея миллионерлерінің санын арттыру мақсатын қойдық», – деп мәлімдеді «Сәтті Жұлдыз» АҚ президенті Александр Тен.

«Сәтті Жұлдыз» статистикасына жүгінер болсақ, ұтыстардың ең көбі Алматы облысына келеді, одан кейін Ақмола облысы, Түркістан және Қарағанды облыстары орналасқан. Ұйымдастырушылар мұны осы облыстарда тұратын адам санымен байланыстырады.

Айта кететін жайт, бүгінгі күні қазақстандықтарға 4 тираждық лотерея ұсынылады:

Keno – күн сайын 10 миллион теңге ұтып алуға болады; 

777 – 50 000 теңге ұтып алуға болатын ең оңай ойын;

Loto 6/49 – әр сәрсенбі сайын 20 миллион теңгеден басталатын Супержүлде ойнатылады;

TeleBingo – әр апта сайын миллионер табылатын осы жылдың ең көптен күткен ойыны. Ойынның бірінші таралымы 22 желтоқсанда өтті. 

Сонымен бірге Жомарт 3, 777, 3 Алмаз секілді лездік лотереялардан бақ сынап көруге болады. Олардан сәйкесінше 1 000 000, 2 000 000 және 3 000 000 ұтып алуға болады. Александр Теннің айтуы бойынша, 2019 жылға ірі ұтыстары бар жаңа ойындардың іске қосылуы жоспарланған.