25 Желтоқсан, 2018

TeleBingo: Алматы қаласының тұрғыны жаңа көлікке ие болды, ал Тараз қаласының тұрғыны миллионер атанды

438 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматы қаласының тұрғыны «Сәтті Жұлдыздың» TeleBingo теледидарлық лотерея ойынында автокөлік ұтып алды. Әлемге әйгілі ойынның бірінші маусымы 22 желтоқсанда басталып, ұтыстармен 7428 адамды қуантты. Жаңа теледидарлық ойында TeleBingo ұйымдастырушылары Bingo ойынымен қоса еліміздегі ең жолы болғыш адамды іздестіреді. Ол үшін 54 апта бойы тікелей эфир студиясына 300 қазақстандық шақырылады. Олардың арасында бүкіл Қазақстан бойынша 5 ойыншы және 1 лотерея таратушысы болады.

TeleBingo: Алматы қаласының тұрғыны жаңа көлікке ие болды, ал Тараз қаласының тұрғыны миллионер атанды

Осылайша 22 желтоқсанда TeleBingo-ның тұңғыш қатысушылары алғашқы сыйлықтарды ойнатты. Ең жолы болғыш адамды табу үшін шоу жүргізушілері ойыншыларға бақ сынайтын түрлі сайыстардан өтуді ұсынды. Мысалы, қатысушыларға шикі және қайнатылған жұмыртқалар араластырып салынған себет ұсынылды. Ойынның мақсаты – оның қайсысы қайнатылған жұмыртқа екенін табу. Бақ сынайтын түрлі сайыстардың нәтижесі бойынша ойыннан шығып қалған ойыншылар кепілді түрде ақшалай ұтыстар алады. Ал жеңімпазды туристік саяхаттар, тұрмыс техникасы, электроника секілді супержүлделер күтеді. Сонымен қатар бас жүлде – автокөлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Алғашқы ойында осындай бақыт Алматы қаласының тұрғынына бұйырды. 

«Шынын айтсам мен сенбедім. Әлі де осындай сәнді машина ұтып алғаныма сенер емеспін. Лотерея маған өте жақсы әсер қалдырды. Бәріне осындай лотереяларға қатысуға кеңес беремін. Ұтысқа жету – мүмкін нәрсе екеніне өзімнің көзім жетті», деп өз әсерімен бөлісті Марина Бибик. Жеңімпаздың сөзі бойынша бұл оның лотереядағы ең алғашқы ірі сәттілігі. «Бұрын лездік лотереялар сатып алып, мың теңге ғана ұтатынмын. Одан аспайды. Мұндай ойындарда аса жолым болған емес. Осындай сәттілік алғаш рет болып тұр. Мен келесі ойын қашан болатынын, билетті қайдан сатып алатынын білу үшін сайтқа кіріп, кездейсоқ қосымша ойынды ойнап көруге болатынын білдім. Сонда бірден «Неге ойнап көрмеске?» деп ойладым. Жаңа жылдың алдында өзіме мейрам ұйымдастырғым келді. Сайтқа тіркеліп, содан соң ұмытып кеттім. Бір аптадан кейін маған телефон шалып, іріктеуден өткенімді хабарлады», деп еске түсіреді Марина. Оған қоса «жүргізуші куәлігі бар, ал көліктің өзі жоқ» болғандықтан оған көліктің тап өзі керек екендігін айтты. Ал ұтып алған автокөлік өзіне Жаңа жылға арналған үлкен сыйлығы болмақ.

Сонымен қатар Тараз қаласының тұрғыны да өзіне жаңажылдық сыйлық жасады. Ол Bingo-дан 1 000 000 теңге ұтып алып, миллионер атанды. Билет Қаратау шағынауданында сатып алынған. Сәрсенбілік ойынның нәтижесі бойынша жалпы 7428 жеңімпаз анықталды. TeleBingo лотереясында осы тираждағы ұтыстардың жалпы сомасы 6 997 000 теңгені құрады. Мөлшері 6,4 миллион теңгені құрайтын SuperBingo бұл ойында ойнатылмады. Сол себептен ол келесі ойынға ауыстырылады. Ал күтілетін сома 12,9 миллион теңгені құрайтын болады. TeleBingo ойынының екінші тиражының тікелей көрсетілімін 29 желтоқсанда сағат 20:00-де «Жетінші арна» эфирінен қараңыз. Студиядағы шоудың қатысушысы болу үшін TeleBingo мәтіні жазылған СМС-ті 5290 нөміріне жіберіп, тіркеуден және кездейсоқ іріктеуден өту қажет. Жылдың соңында жеңімпаздардың арасындағы ең жолы болғыш адам арнайы супержүлдені иемденеді.