Кәсіпқой бокс • 27 Желтоқсан, 2018

Журналдың жүлдесінен үміткерлер тізімінде Геннадий Головкин де бар

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі The Ring журналының жүлдесінен үміткер кәсіпқой боксшылардың тізімі жарияланды. Солардың қатарында Қазақстанның мақтанышы, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин де бар.

Журналдың жүлдесінен үміткерлер тізімінде Геннадий Головкин де бар

Қарағанды бокс мектебінің түлегі Геннадий Головкин «Жылдың ең үздік жекпе-жегі» және «Жыл оқиғасы» аталымдары бойынша үміткерлер тізіміне еніп отыр.  Жерлесіміздің осы екі сыйлықтың бірін иеленуге мүмкіндігі мол. Себебі, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында АҚШ-та өткен кездесуді сан миллион көрермен ерекше құлшыныспен тамашалады.

«Жылдың» ең үздік боксшысы» атағынан Сауль Альварес, Тайсон Фьюри, Василий Ломаченко, Наойя Инуэ және Александр Усик сынды саңлақтар үмітті.

«Жыл нокауты» атағынан үміткерлер тізімінде Александр Усик – Тони Белью, Диллиан Уайт – Лукас Браун, Джермалл Чарло – Уго Сентено, Наойя Инуэ – Хуан Карлос Пайяно және Теофимо Лопес – Мейсон Менард арасындағы жекпе-жектер бар.

«Жыл бапкері» атағын Бен Дейвисон, Роберт Гарсия, Шинго Инуэ, Анатолий Ломаченко және Эдди Рейносо сынды майталман мамандардың бірі иеленеді.

«Жылдың жас боксшысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарында Муроджон Ахмадалиев, Джошуа Буатси, Джарон Эннис и Теофимо Лопес және Филип Хргович сынды сайыпқырандар бар. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше