Қазақстан • 02 Қаңтар, 2019

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға тауға шығуды кейінге қалдыруға кеңес береді 

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

Құзырлы органның хабарлауынша, қаңтардың 3-5 аралығында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты тауда қар көшкіні жүру қаупі бар. "Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға серуендеуді кейінге қалдыруға кеңес береміз"- дейді ТЖД баспасөз қызметінен.  Қазгидромет РМК жақын күндері Қазақстанның басым территориясында жауын-шашын түседі деп болжам жасап отыр. Алматы облысында көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. 3 қаңтардан бастап ауа температурасы  күндіз -1 пен - 4, түнде -7 болмақ.