Газетіміздің ең егде оқырманы - Шәу­кей Жұқанұлы

Биыл жарық көргеніне жүз жыл толатын «Егемен Қазақстан» газеті ең алдымен ормандай оқырманымен еңселі. Ат жалын тартып мініп, азамат болғаннан күні бүгінге дейін басылымнан бір елі ажырамай, берен достықтан айнымай келе жатқан бекзада оқырманы барда, ғұмыры ғасырға жуық газеттің ұлтпен бірге жасай беретіндігі де өмір шындығы.

Егемен Қазақстан
11.01.2019 1081
2

Ұлттың үніне айналған басылым­ның дәл осы сипаттағы бір оқыр­ма­ны Қарағанды облысындағы Шет­ ауданының орталығы Ақсу-Аю­лы кентінде тұрады. «Егемен Қазақ­стан­ның» ең егде оқырманы. Бұлай деп ке­сіп айтуымызға қадірменді қа­рияның жүз­ден асқан жасы ғана емес, ел газетінде не жарияланғанына әлі күнге дейін құлақ түріп отыратын ежелгі дағдысы негіз бола алады. Құдай қаласа, ата басылымның ақсақал оқырманы Шәу­кей Жұқанұлы 15 қаңтарда 104 жас­тың белесін бағындырмақ.

Ақсақалдың кіндік қаны тамған жер – бұрынғы Қарқаралы уезіндегі Ақшатау болыстығының 10-шы ауылы. Қазіргіше айтқанда, Шет ауданының Қарабұлақ ауылы. Болашақ ұстаз осы жерде 1915 жылдың қақаған қысында дүниеге келіпті. 

Шет өз алдына аудан болып 1928 жылы құрылғанда, орталығы әуелде Қызылеспе, содан кейін Қарабұлақ дейтін жерлерде болған. Өзінің алғаш мектеп табалдырығын аттап, тіл сын­дырған кезін Шәукей ақсақал былай деп есіне алады: «Ортакөн деген жерде екі бөлмелі, қуықтай ғана мектеп үйі болды. Тақтай еден деген атымен жоқ, төбесі тал-терекпен жабылған, сырты қара лаймен сыланған қоржын үйде бес-алты парта, сосын қара тақта ғана болды. Ол кезде кітап-дәптер деген қат еді. Бір кітапты таласа-тармаса бәріміз жабы­лып оқитынбыз. Мұғаліміміз Сейділда Сәдуақасов деген кісі болды. Осы жерде екі жылдай латын қарпімен сауат аштым...».

Шет ауданының орталығы 1930 жылы Ақсу-Аюлыға қоныс аударған соң, бала Шәукей Құмжон ауылындағы Бадан деген кісінің қоржын үйінде оқуын жалғастырады. Тумысынан зерек бала оқуға келгенде қамшы салдырмаған. Өзі құралпы балалардың ішінде білімге деген ынтызарлығымен көзге түсіп, ұстаздарының үміт еткен шәкірттерінің бірі болады.

Оқысам-тоқысам деген бір ғана мақсаттың жолына түскен жалынды жас 1937 жылы Ақмоладағы педа­гогикалық училищеге түсіп, оны үздік бітіріп шығады. Ұлы Отан соғысы бас­талған кезде аудан орталығындағы Ыбы­рай Алтынсарин атындағы орта мек­тепке қазақ тілі мен әдебиеті пән­дерінің мұғалімі болып жұмысқа орна­ласқан. 

Шәукей Жұқанұлы соғыс жылдары аудандық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет етті. 1943 жылдан бастап үш жылдай аудандық соғыс комис­сариатының мобилизациялық әскери бас­қармасында жауапты қызметте болғандықтан, әскер қатарынан бронь арқылы босатылған. Ал 1948 жылдан бастап бар саналы ғұмырын бастауыш­ сыныптарға сабақ беруге арнады. Ұлағатты ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі зая­ кетпеді. Алдынан мыңдаған шәкірт тү­леп ұшты.  Олардың арасында қоғам қай­раткері Қасымбек Медиев, академик ғалымдар Баян Рақышев, Жамбыл Ақылбаев, қарымды қаламгер Рымқұл Сүлейменов, ғалым Серік Негимов, жазушы Кәмел Жүністегі, профессор Мұхаметқали Әбдуов, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Рахымбек Рысбеков, қылқалам шебері Бейбіт Мұстафин және басқа да есімдері елге мәшһүр азаматтар бар.

Шәукей Жұқанұлы ұстаздық ете­ жүріп, қаламын қолынан тастамай,­ республикалық, облыстық және аудан­­дық деңгейдегі басылымдармен­ қарым-қатынасын үзбеген зиялы адам. Ол кісінің өлке тарихына, ұлт тәр­бие­сіне қатысты ойлы мақалалары газет-журнал беттерінде үзбей жария­ланып келді. 2011 жылы  өзінің жүріп өткен өмір жолына шолу жасап, «Тә­бәрік» атты кітап жазды. Бұл туын­ды­сында қазыналы қарт қазақ хал­қының азаттығы үшін жан аямай кү­рес­кен ерлердің ерен істерін кейінгі ұр­пақ­қа өнеге етіп, сонымен қатар Шет ауданының өсіп-өркендеуіне ең­бегі сің­ген азаматтар туралы да зор сүйіс­пен­шілікпен қалам тербеген.

Газет дегеннен шығады, Шәукей ұстаз «Егемен Қазақстан» газетіне өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап үзбей жазылып, кәрілік же­ңіп, көзден қалғанша бір де бір санын құр жібермей оқыған тұрақты оқыр­ман. «Мен оқи бастағанда «Еге­мен Қазақстан» газеті «Социалды Қазақ­стан» деген атаумен латын әліпбиінде шығатын. Ол кездегі бас редактордың Айтмұхамед Мусин екендігі есімде қалыпты», деп еске алып отырады ақ­сақалдың өзі. Қарияның  бертінге дейін «Егеменнің» тігіндісін жинап, соған өзінің қымбат қазынасы есебінде қарап келгенін балалары да растайды. «Біздің ес білгелі көргеніміз – үйдің түпкі бөлмесінде газет тігінділері тұтас қабырғаны алып, қаланып тұратын. Әкей қолы қалт еткенде, сарғайып кеткен әлгі газеттерді ерінбей ақтарып, оқып отыратын», дейді Шәукеңнің ұлы Рахат. «Атамның жады өте мықты, – дейді отыз жылдан астам уақыт қа­рия­ның қас-қабағын бағып келе жат­қан келіні Алма. – Әлі күнге дейін еш­теңеден жаңылыспай, естелік айтып отыратынына қайран қаламыз. Тіпті, шәкірттерінің қай жерде, қандай қыз­метте жүргенін де есіне сақтап алған».

Шәукей Жұқанұлы кезінде өзімен үзең­гі қағыстырып жұмыс істеген әріп­тестерін құрметпен еске алып отырады. Әсіресе, сонау 30-шы жылдардан бері қызметтес болған Жұматай Құтжанов, Хасен Сәрінжіпов сынды ардақты азаматтар туралы айтқанда ерек­ше тебіреністі күйге түседі. Хасен Сәрін­жіпов демекші, бұл кісі Шет ауданының оқу-ағарту саласындағы алғашқы қарлығаштардың бірі болды. 1936 жылы Еңбек  Қызыл Ту ор­­денімен наградталған. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін ат­қарып, одан кейін мектеп директоры, ауатком төрағасының орынбасары болып көп жыл қызмет істеді. Ардагер ұстаз Төменгі Қайрақты орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанша абыроймен еңбек еткен. Бүгінде осы мектеп Хасен Сәрінжіповтің есімімен аталады. Бұл кісінің кезінде еліміздің Білім және ғылым министрі болған Аслан Сәрінжіповтің туған атасы екенін де айта кеткен жөн.

Шәукей Жұқанұлы мен зайыбы екеуі сегіз бала өсіріп, ұлын – ұяға, қы­зын қияға қондырған. Бүгінде ақса­қалдың бәйбішесі, «Алтын алқа» иегері Нұрғиза  ана  өмірден озған. Екеуінің бауырынан өрбіген ұл-қыздан 23 немере, 27 шөбере және 1 немене көрді. Қазір ақсақал кіші ұлы Рахат пен келіні Алманың қолында тұрады. «Жасы келген адам ғой, бұл күнде әке­міздің құлағы ауыр естиді, көз нұры да тая бастаған», дейді балалары. Десе де, көпті көрген қария күнделікті болып жатқан хабар-ошарға кәдімгідей елең­деп отырады екен. Балалары да қария­ның көңілін жықпай, «Егемен Қазақ­стан», «Орталық Қазақстан» сынды газеттердің қызықты деген мақа­лаларын дауыстап оқып беріп тұра­тын көрінеді.

«Меніңше, – дейді Шәукей ақса­қалдың ұзақ жылдар ұстаздық еткен Гүл­мира есімді қызы, – әкеміздің көп жаса­ғандығының сыры оның ерекше мейірбандығында болса керек. Ол кісі ашу шақырып, адам баласына дауыс көтерген  жан емес. Үнемі кү­лім­сіреп, айналасына шуақ шашып жү­реді». Ал Шәукеңнің аталас інісі, этно­граф-жазушы Төрехан Майбастың мына пікірі де көп жайттан хабар берсе керек. «Ауданымыздың, өңіріміздің абыз шалы осы кісі. Ауызының дуасы бар адам. Өмірінде осы кісінің дәр­менсіздік танытқанын көрген емес­пін. Жасы келіп отырса да таяқ ұстамайды. Ешкімге сүйенгісі жоқ. Ма­сылдық пиғылдан таза ада. Сенсе тек өзіне ғана сенеді. Екі айдың арасын ұштастыратын өліарасы болады. Шәу­кей ақсақал да сол сияқты. Екі ұр­пақты жалғастырып тұрған алтын көпір іспетті», деп жазған екен бұры­нырақтағы бір мақаласында белгілі қалам­гер.

Шәукей Жұқанұлының жарты ға­сыр­лық ұстаздық қызметі мемлекет тарапынан лайықты бағасын алған. КСРО Халық ағарту ісінің үздігі, Қа­зақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Қа­зақ КСР-нің еңбек сіңірген мектеп мұ­ғалімі, «Шет ауданының құрметті азаматы» сынды атақтары бар. «Рес­пуб­ликаға сіңірген еңбегі үшін» төс­белгімен және «Еңбек ардагері» меда­лімен марапатталған.  Қазақстан Пре­зиденті Н.Назарбаевтың құттықтау хаты да қарт ұстаз мақтан тұтатын құр­мет белгісінің бірі.

Ұстаз Шәукей Жұқанұлының 100 жас­қа толған мерейтойы 2015 жылы аудан көлемінде кеңінен аталып өт­ті. Сол кездегі Білім және ғылым ми­нистрі Аслан Сәрінжіпов пен оның орын­басары Есенғазы Иманғалиев Ақсу-Аюлыға  арнайы келіп, Премьер-Министрдің орынбасары қол қойған құттықтау хатты тапсырып, қарт ұстаз­дың иығына оқалы шапан жапқан болатын. Бұл – өзінің бар ғұмырын бала оқытуға, ұлтқа ұстын боларлық ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ардақты жанға көрсетілген лайықты құрмет еді.

Көзі тірісінде «Ұстаздардың ұста­зы» деген құрметті атаққа ие болған Шәу­кей ақсақалды Арқа жұрты қадір тұ­тады. Облыс басшылығы, білім саласының тізгінін ұстаған азаматтар мұғалімдердің жыл сайынғы мәртебелі мерекесінде Шәукей Жұқанұлы сынды шәкіртінен шарапатынан аямаған аяу­лы жанның алдында сый-құрметтен аянбайды. Былтыр да ұстаздардың ұлық мерекесінде қадірменді мұғалімге «Білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» аталымы бойынша облыс әкімінің сыйлығы – 1 миллион­ теңге табыс етілді. Қазақстанның қарт ұстазы, «Егеменнің» ең егде оқыр­манының бұл сыйлықты өз аяғымен барып алғанын дәтке қуат ете отырып, жүз жасаған жайсаң жан арамызда дін аман жүре берсе екен деп тілейсің!

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,

Шет ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу