Экономика • 11 Қаңтар, 2019

Қызылорда облысында тауарлар бағасы құбылып тұр

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың соңғы айында тұтыну тауарлары бағасының индексі 101% құрады. Бұл туралы облыстық Статистика департаменті мәлімдеді.

Қызылорда облысында тауарлар бағасы құбылып тұр

Олардың айтуынша, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,6%, азық-түлік емес тауарларына - 1%, ақылы қызметтерге - 0,2%-ға жоғарылаған екен.

Азық-түлік тауарлар тобында бағаның жоғарылауы жаңа жиналған көкөністерге - 27,5%, жұмыртқаға - 7,1%, шикі сүтке - 4,7%, құс етіне - 3,9%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,9%, жаңа жиналған жемістерге - 1,8%, май және тоң майға - 0,4%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі қантқа 0,8%-ға тіркелді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі тұрмыстық тоқыма бұйымдарға - 3,2%, ойындар, ойыншықтарға - 2,3%, киім және аяқ киімдерге - 1,4%, жиһаз және үй тұрмысына қажетті заттарға - 1,2%-ға тіркелді. Дизель отыны - 12,4%, бензин - 0,2%-ға қымбаттаған.

Ақылы қызмет көрсету тобында сағат пен зергерлік бұйымдарды жөндеуге - 4,6%, жолаушылардың әуе көлігіне - 3,5%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 1,5%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,4%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жолаушылар темір жол көлігіне - 4,8%-ға тіркелген.

Бұл тек Қызылорда облысында ғана емес республикамыздың басқа өңірлерінде де баға нарқы осылайша құбылып тұр.

Дүниежүзілік нарықта да осындай жағдайлар байқалады. Қазақта «тарта жесең тай қалады, қоя жесең қой қалады» деген қанатты сөз бар. Сарапшылар қазір тұрғындардың үнемшілдікке көшкендігін айтып жүр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы