Бұқаралық спортқа барынша көңіл бөлінеді

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында «Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет» деп аймақтарда атқарылатын жұмыстың бағытын айқындап берген еді.

Егемен Қазақстан
11.01.2019 2465
2

Елбасы Жолдауда осы бағыттағы мәселенің шешу жолдарын көрсете келе, «Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырамын. Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе, мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет» деген болатын. Қазір өңірлерде Жолдау жүктеген міндеттер аясында қызу жұмыс қолға алынған. Осы бағытта Алматы облысында нақты іс бар. Әсіресе, аймақта мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестікті жүзеге асыру жұмыстары нәтижелі болып отыр. Жалпы, 2018-2019 жыл аралығында құны 50,5 млрд теңге болатын жұмысты игеруге жоспар құрылыпты. Яғни, былтыр мен биылды қосқанда аймақта осы қаржыға 31 нысан салынып, қолданысқа берілуі тиіс.

Екі жақты әріптестіктің нақты мысалын аймақтағы бұқаралық спортты дамытуға арналған дене шынықтыру-сауықтыру  орталықтарынының көптеп салынуынан көруге болады. Қазіргі күні өңірде 3 мыңнан астам спортсүйер қауымға арналған жаттығу залы мен жасөспірімдер үшін 37 спорт мектебі ашылған. қызмет көрсетуде. Бұл нысандардың жартысынан астамы жекеменшік сектордың қатысуымен жүзеге асып отыр.

Өткен жылдар ауқымында облыстың Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ және Алакөл аудандарындағы 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы толықтай аяқталған болатын. Ал Қарасай ауданының Қаскелең қаласы мен Шамалған ауылында, Ақсу ауданының Жансүгіров кентінде дәл осындай әмбебап спорт кешенінің құрылысы қызу Жалпы, өңірде 2019-2021 жыл аралығында Алакөл ауданы Достық ауылында, Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде, Райымбек ауданының Нарынқол ауылында, Балқаш ауданының Бақанас ауылында, Іле ауданының Байсерке ауылында, Көксу ауданының Балпық би ауылында заманға сай дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып, қолданысқа берілетін жөнінде келісімдер жасалған.

- Елбасы Жолдауының аясында елімізде кемінде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы тапсырма берілгені белгілі. Соған сәйкес облыста 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. 2018 жылы 7 кешеннің құрылысы қолға алынды. Олардың үшеуі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде басталса, қалған бесеуінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Бұл тек тұрғындардың саламаты өмір салтын ұстануға орай жағдай жасауға негізделген қадам. Осы ретте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерінің көмегімен білім және денсаулық салаларының бірқатар мәселесін шешіп келе жатқанымызды да айтқым келеді. Нәтижесінде, Талдықорғанда республикада тұңғыш рет қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңнен анықтау орталығын аштық. Жақында ғана облыста Позитронды эмиссиялық томография орталығын жаңғырту мен іске қосу жобасын жүзеге асырдық, - дейді тақырыпқа орай пікір білдірген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Жалпы, жекеменшік сектордың қатысуымен ашылған спорттық нысандар жергілікті тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстануына жол ашатыны анық. Әсіресе, ауылдық өңірдегі орталықтардың жастар үшін берері мол. Әрі мұндай дене  шынықтыру орталықтарында үлкен қалалардағы сияқты жаттығуға қажетті спорт инвентарларының дерлігі қойылған екен. Мысалға, былтыр Алакөл ауданы Үшарал қаласында «Тарлан» атты әмбебап дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды. Осы өңірден шыққан белгілі мемлекет қайраткері Сауат Мыңбаевтың жекке қаржысына салынған жаңа спорт кешенінде бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетикамен айналысуға және футбол ойнауға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Түрлі спорт жаттығуларына бейімделген залдардан бөлек, жаттықтырушылар мен дәрігерлер бөлмесі, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері де бар. Футбол алаңы мен «Street workout» алаңқайы да кешенге жапсарласа салынған екен. Осы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысына инвестор 500 млн теңге бөлген көрінеді.

Дәл осындай орталық жақында Талғар қаласында да ашылған болатын. Спорттың жекпе-жек және жауынгерлік жаттығу түрлеріне арналған 180 орындық дене шынықтыру-сауықтыру әмбебап кешенін аясында Талғар ауданының «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі де жұмысын бастады. Кешен аумағында тренажерлық, ойын, күрес, бокс және жаттығу залдарынан бөлек, волейбол, баскетбол, футбол спорттық алаңдары мен 400 орындық көрермен трибунасы орналасқан.Ал  «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі балаларды спорттың 15 түріне баулиды. Мұнда бокс, баскетбол, волейбол, грек-рим және еркін күрес, қазақша күрес, жеңіл атлетика, футбол, гандбол, таэквондо, каратэ-до, самбо, жекпе-жек, садақ атуға жаттығу үшін қажет жағдай жасалған. Қазіргі мектепке  915 оқушы спортпен айналысуға ниет білдіріп, жазылыпты.

- Елбасы халыққа жолдаған Жолдауында жүз спорттық кешен салуды қадап айтқан еді. Міне, соның дәлелі ретінде облыста ауқымды іс атқарылуда. Мәселен, Талғар, Панфилов, Алакөл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл ауданында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері ашылып, жастарымыз спорттың бірнеше түрімен шұғылданып жатыр. Ал Ақсу, Кеген, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында сауықтыру кешендерінің құрлысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Келер жылы Талдықорған қаласында жеңіл атлетикалық манеж, жүзу бассейіні және орталық стадионға күрделі жөндеу мен Қапшағай қаласында дене шынықтыру кешенінің құрылысы басталады. Мұның сыртында жергілікті бюджеттен жеке азаматтардың қолдауымен салынып жатқан жаттығу залдары көп. Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың Елбасының алдында айтқан сөзі көптеген азаматтарға түрткі болып, осындай игілікті іске қол ұшын созып жатыр. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Салауатты өмір салтын насихаттауда, халықтың 30 пайызын спортқа тарту мәселесі бойынша көптеген істі атқарамыз. Сондай-ақ, үлкен спортқа да мән беріп, әлемдік аренадағы Қазақстанның абыройын асқақтатуға бар күшімізді саламыз. Ондай ірі нәтиже бүгінгі өңірлерде бой көтерген спорт кешендерінен бастау алады. Дене шынықтыру және сауықтыру кешендері ауыл мен әлем спортының арасын жалғайтын алтын көпір іспетті, - дейді тақырыпқа орай түйінді сөзінде Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу