Парламент • 14 Қаңтар, 2019

Күн тәртібі нақтыланды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыста қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабар­лады Мәжілістің баспасөз қыз­меті.

Күн тәртібі нақтыланды

Атап айтқанда, палатаға құ­­қық­тық салаға қатысты Қазақстан мен Иордания арасындағы бірқатар келісімдерді қамтитын ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды.

Осылардың қатарында қылмыстық істер бойынша өзара құ­қықтық көмек, адам­дар­ды ұстап беру, сондай-ақ сот­тал­ғандарды беру туралы құжаттар бар. 

Аталған келісімнің мақ­сат­тарын іске асыру жөніндегі Қа­зақ­стан­дағы ор­талық мемле­кет­тік ор­ган Бас прокура­тура болып табылады.