Өнер • 14 Қаңтар, 2019

«Сайра» бейнебаяны Түркияның рейтингіне енді

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәмшат Жолдыбаева мен Индира Елемес TMB тізімінде 13-орында.

«Сайра» бейнебаяны Түркияның рейтингіне енді

Самир Гурбанов құрған «Түркі әуендерінің бірлігі» (TMB) арнасы әр апта сайын түркі мемлекеттерінің әуендерінің рейтингін жасайды. Қазақстандық Кәмшат Жолдыбаева мен Индира Елеместің «Сайра» бейнебаяны 13-орында.

Бұл апта рейтингінің көшін Рафет Эль Роман мен Дерияның дуэті бастап тұр. Тізімде елімізде бұрыннан танымал Таркан да бар. Рейтинг тыңдармандардың дауыс беруі арқылы жасалады. Тізімде Түркиядан бөлек Өзбекстан әншісі Нилуфар Усманова, румыниялық Инна, молдовалық Дан Балан бар.

Айта кететіні, арнаның ресми сайтында отандастарымызға дауыс бере аласыз.