Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Бангкокта ауаның ластануынан халық тұншығуда

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бангкоктағы 50 ауданның 30-ында ауаның ластану деңгейі шектен тыс жоғарылады. 

Бангкокта ауаның ластануынан халық тұншығуда

Дүйсенбіде AQI көрсеткіші 180-ге жетті, ал көрсеткіштер одан асқан жағдайда денсаулыққа аса қауіпті. Жергілікті билік органдары су атқыш құралдың көмегі арқылы проблемамен күресуде, оған қоса адамдарға тегін маскалар беріледі. Бангкок әлемдегі ауа ластануының деңгейі жоғары қалалардың ондығына кіреді. Қоршаған ортаның ластануын бақылау департаментінің айтуынша, жағдайдың нашарлауына дизельді автокөліктер (50-60%) мен жанып жатқан қоқыс пен өнім қалдықтарының түтіні себеп болған (35%).