Әлем • 15 Қаңтар, 2019

Қытайда канадалық азамат өлім жазасына кесілді

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайда есірткі контрабандасымен айналысқан Роберт Ллойд Шелленберг өлім жазасына кесілді.

Қытайда канадалық азамат өлім жазасына кесілді

Роберт Ллойд Шелленберг есірткі контрабандасымен айналысқаны үшін 2014 жылы сот шешімімен 15 жылға сотталған болатын. Кейінірек жергілікті прокуратура бұл шешім тым жеңіл жаза деп, істі қайта қараған. Нәтижесінде Даляндағы сот канадалық азаматты өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды. Мұндай ауыр жаза шығарғаны үшін Канаданың премьер-министрі  Джастин Трюдо Дальян сотын айыптауда. Роберт Ллойд Шелленбергтің үкімі Канада мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты одан ары нашарлата түсті.

«Қытайдың еркін тәртіпте мұндай ауыр жаза шығарғаны бізді алаңдатады» деді Канада премьер-министрі.

Қытай мен Канада арасындағы шиеленіс бұған дейін де болған. Көптеген болжам бойынша Қытай тарапының Роберт Ллойд Шелленбергке ауыр жаза шығаруы 1 желтоқсанда Канадада Huawei Technologies қаржы директоры Мэн Ванчжоуды тұтқындаумен байланысты деп отыр.