Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жалғасып жатыр

Өткен жылдың соңында еліміздегі мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу ережесі өзгеріп, кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс пен толықтыру енгізілген болатын.

Егемен Қазақстан
15.01.2019 6668
2

Мемлекет басшысы қол қойған арнаулы заңнан кейін мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жұмыс жеңілдетіліп, саладағы әрекет ашық әрі қолжетімді бола түсті.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттік сатып алуды жетілдіру талабын қойған еді. Осы бағытта бірнеше жұмыс атқарылып, жылдың соңында заңға өзгерістер енді. Соның бірі: баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларда, яғни сатып алуларда 1 000 АЕК дейін немесе 2 525 000 теңгеге дейін тапсырыс берушілерге құжаттамада тауарлардың фирмалық атауларын көрсетуге құқық беріледі. Бұл тапсырыс берушілерге неғұрлым сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді, - дейді Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Раманхан Төрегелдиев.

Жаңа ережеде тапсырысты бір көзден алу тәсілімен жүргізетін жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың шекті сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін ұлғайтылған екен. Бұл жеке кәсіпкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес үшін сатып алу порталындағы ашықтық қамтамасыз етіліп, тапсырыс беруші мемлекеттік органдар үшін жауапкершілік күшейген.

- Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастырмағаны немесе уақытылы орналастырмағаны, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке сәйкес келмейтін көлемде бекіткені, бірінші басшылардың, сонымен қатар комиссия мүшелерінің әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытылы қарамағаны және алдын ала рұқсат беру хаттамасы мен қорытынды хаттамасын уақытылы орналастырмағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылған, - дейді бұл туралы Р.Төрегелдиев.

Айтпақшы, осы жылдан бастап әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуда, веб-порталын пайдалану бойынша қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Бұл қызметтің құны мен тарифі мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу