16 Қаңтар, 2019

Бір университетте - сегіз жеңімпаз

837 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде еліміздегі білім беру жүйесін жаңа мазмұнда құру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру басты мәселе болып отыр. Осы орайда, әсіресе, өңірлердегі ұстаздардың біліктілігіне мән беру, сол арқылы оларды мемлекет тарапынан қолдау жоғары деңгейде жүзеге асып отырғанын да айтып өту керек. 

Бір университетте - сегіз жеңімпаз

Мұның бір дәлелі, 2005 жылдан бері еліміздің Білім және ғылым министрлігінің ұйым­дастыруымен ұстаздар арасын­да «Жоғары оқу орны­ның үздік оқы­тушысы» республикалық кон­курсы өтіп келеді. Бұл кон­курстың өткен жылғы қоры­тын­дысы бойынша М.Х.Дулати атын­дағы Тараз мемлекеттік уни­­вер­ситетінің 8 оқытушысы «Ж­оғары оқу орнының үздік оқы­ту­шысы» атағына ие болған еді. 

Республикалық конкурс же­ңімпаздары қатысқан жиын барысында университет ректоры Махметғали Сары­беков аталған конкурсқа республикамыздың 80 жоғары оқу орнынан 481 үміт­кер қатысқанын, нәти­жесінде еліміздегі 43 ЖОО-дан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері атанғанын айтып өтті. Ректордың айтуынша, конкурс басталғалы бері уни­ве­р­ситеттен бұл құрметті атақ­ты 56 адам иеленген екен. Ал осы күнге дейін университет тарихында бірден 8 адам бұл атаққа тұңғыш рет ие бол­ған. «Бұл үшін тек жақсы оқытушы болу жеткіліксіз. Әуелі мұға­лім жақсы әдіскер болуы керек. Олардың жазба оқулық­тар да­йын­дауға қабілеті болуы және мін­детті түрде ғылыми мектебі қалып­тасқан ғалым болуы керек. Шетелдің жоғары оқу орын­­дарымен байланысы болуы керек. Бүгінгі таңда біздің универси­тетте 15 мамандық бо­йынша 3 ­тілде білім беріледі. Яғни 47 оқытушы студенттерге 3 тілде дәріс береді» деді Мах­метғали Нұрғалиұлы.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универси­теті 64 шетелдік жоғары оқу орнымен келісімшартқа қол қойған. Сонымен қатар, Португалия мемлекетінің жоғары оқу орындарымен қосдипломды жобасын да қолға алған. Бұдан кейін университеттің мұнай-газ және механика факультеті, «Меха­ника және машина жасау» кафед­расының профессоры, техника ғылымдарының док­торы Сағат Жүнісбеков, «Мұнай-газ ісі» кафедрасының про­фессоры, техника ғылым­дары­ның докторы Исан Тіле­генов, «Туризм және сервис» кафе­д­ра­сының доценті, экономика ғы­лым­дары­ның кандидаты Алтынай Мол­дашева, «Жеңіл өнеркәсіп бұйым­дарының технологиясы мен конс­трукциялау және дизайн» кафедрасы доцентінің мін­детін атқарушы, PhD докторы Бекжан Абзалбекұлы және өз­ге де жеңімпаз оқытушылар өз ой­­лары­мен бөлісіп, бұл грант же­­ңім­паз­дарға әлемнің жетек­­ші уни­вер­ситеттерінде ғылы­ми-зерт­­теу жұмыстарын жүр­гізу мен бі­лік­­тілігін арттыру мақ­са­тын­да та­ғы­лымдамадан өтуге мүм­кін­дік бе­ре­тіндігін айтып өтті.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан» 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар