Футбол • 13 Қаңтар, 2019

«Нұр ордада» БАҚ өкілдері доп тепті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Нұр орда» мектеп-лицейінде шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында турнир өтті. Аталмыш мектептің кубогы үшін өткен сайысқа 12 команда қатысып, өзара жеңімпазды анықтады.

«Нұр ордада» БАҚ өкілдері доп тепті

Сайыс қорытындысы бойынша «Қазмедиа» командасы бірінші орынды жеңіп алса, «Хабар» командасы финалда сүрінді. Үшінші орын «Елорда Ақпарат» командасына бұйырды. «Егемен Қазақстан» командасы үздік төрттіктен көрінді.

Саламатты өмір салтын ұстанатын нұрордалықтар жүлдегерлерге тек кубок пен медаль табыстап қоймай, жеңімпаз командаға Өзбекстан еліне саяхаттауға 7 жолдама үйлестірді.