Қандастарымыздың «сүйінші!» дейтін күні алыс емес

Жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жарияланды. Бұл заң шетелден атажұртына көшіп келген қандастарымыз үшін де сүйінші жаңалық болды.

Егемен Қазақстан
17.01.2019 13286
2

Нақтырақ айтқанда, аталған заң­ның жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағай­ын­дау үшін еңбек өтілін есептеуге арналған 13-тармағына жаңадан 18-тармақша қосы­лып, онда «Қа­з­­­ақ­стан Республикасына тари­­хи отанында тұр­ақты тұру мақ­са­тын­да келген этностық қаз­ақ­­­­­тар­дың шығу еліндегі ең­бек қыз­меті» деген бір сөйлем қосыл­ды. Әсі­ресе, Моңғолиядан келген ағайын­­ның бұл өзгерісті ақжарма қуаныш­қа балайтын себебі бар. 1994 жылы 2 желтоқсанда Қазақ­стан мен Моңғолия азаматтарын еңбек шарты бойынша жұмысқа қатыс­тыру туралы екі ел Үкіметі арасын­да келісім жасалған-ды. Алайда 20 жылдық уағда 2014 жылы 31 желтоқсанда жойылады. Сөйтіп, Моңғолиядан келген қандастарымыздың өздері келген еліндегі еңбек өтіл­дері ес­еп­телмей, зейнетке шық­қан­да ең төменгі жәрдемақы та­ға­й­ындалады. Яғни елімізде қол­дан­ыс­тағы заң бойынша зейнетке шығу үшін қызметкер кемінде 33 жыл жұмыс істеген болуы шарт.

2014-2018 жылдар аралы­ғын­­­да ең­бектері есептелмей қал­­­­ған қан­­дас­тары­мызды іздей бас­­­т­а­ғанымызда, олардың ұзын саны 500-ден асатынын білдік. Сон­­ың бірі Моңғолиядан 1992 жылы тарихи отанына оралған эко­номист Азамат Қағибат есімді азамат. Моңғолияда мемлекеттік қызметте 21 жыл жұмыс істеген қандасымыз қазақ жеріне келген соң да өз саласы бойынша тер төгеді. С.Торайғыров атын­дағы Павлодар мемлекеттік уни­вер­си­тетінде 25 жыл ұстаздық еткен ол, 2015 жылы бар-жоғы 13 300 теңгемен зейнетке шығады. «Сол кездегі заң бойынша ер-азаматтар қоғамға кемінде 25 жыл еңбек еткен болуы шарт екен. Ал маған небәрі 5 жыл 8 ай еңбек өтілі ғана саналып, 13 300 теңге зейнетақы тағайындалды. Бұл қартайған адам үшін тым мар­­­дым­сыз қаражат. Алатын бір қорап дәріңе де жетпейді. Зей­не­т­ақың 28 мың теңгеге жетпесе несие де бермейді екен» деп кейі­ген зейнеткер таяуда Елбасы қол қойған заңның үлкен әлеу­мет­тік мәселені шешіп отыр­ға­нын жеткізді.

Тағы бір мысал, Моңғолиядан 2007 жылы Қазақстанға біржола қоныс аударған Күшай Тер­лік­бай білім беру саласында 30 жыл тұр­ақты жұмыс істеген. Ас­­­тана қала­­сын­дағы дарынды ба­ла­­­ларға арнал­ған №9 «Зерде» мек­­­те­бінде ұстаз­дық еткен мұ­ға­­лім 2016 жылы небәрі 9 200 теңгемен зейнетке шы­ғып­ты. «Үздік ұстаз» рес­­пуб­ли­калық байқауының жең­ім­­пазы өзіне ешқандай еңбек өті­лі есеп­тел­ме­генін айтады.

Еңбек және халықты әлеу­­мет­тік қорғау министрлі­гінің рес­ми жауабына сүйенсек, қабыл­дан­ған заң­намалық түзетулерді іске асы­­ру мақсатында министр бұй­ры­­ғының жобасы әзірленген. Жо­ба осы жылдың ақпан айын­да әді­лет органдарына мем­ле­­кет­тік тір­кеуге жолданбақ. Ең маңыз­ды­­сы жаңа заңға сай ең­бек өтілі есеп­телмей қалған зейнеткерлер бұрын ұсынған құ­жат­тарын толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ең­бек өтілі туралы қосымша құ­жаттарын қосып, қайтадан зей­нетақы мөлшерін өзгерту өті­нішін берген жағдайда сол күннен бастап уәкілетті ор­ган­­ның ше­шімі негі­зінде жүзе­ге асы­рылады. Ал былайғы ағай­ын екі елдегі еңбек өтілдерін есеп­­тетіп, зей­нет­ақысын тол­ық алуға мүм­кіндіктері бар.

Көші-қон саласында 20 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Пав­лодар облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалары үйлестіру басқармасы көші-қон бө­лі­м­інің бас маманы Мұхит Жақ­сы­лықұлы екі ел арасындағы келі­сім бұзылған бес жылдай уақыт­та көштің едәуір кешеуіл­деп қал­ғанын айтады. «Бұл жағдай осы ара­лық­та Моңғолиядан келе­тін қазақ көшінің тоқырауына себеп болды. Өйткені ақсақалына қараған қазақ ауыл басы келмесе тұрақтап та тұра алмайды. Мен мұны осы салада ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибемнен білемін. Енді келген ағайынның барлығы Елбасына шексіз разы болып жатыр» дейді ол.

Өткен жылы қандастарымыз үшін жағымды жаңалықтар мұны­­­­мен толастаған жоқ. Был­тыр шілде айында ғана оң өз­ге­ріс­­­термен толыққан «Ха­лық­тың көші-қоны туралы» Заңға тағы да тың нормалар енбек. Бұл туралы осы істің басы-қасында жүрген Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мә­­дени даму комитетінің мүшесі Кә­рі­­бай Мұсырман толығырақ түсін­діріп берді. «Көші-қон сая­саты жетілдіріле түсуде. 2015 жылы қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізіліп, шетелден келген ағайындардың азаматтықты же­ңілдетілген тәртіппен бір жылдың ішінде алуына рұқсат етілген еді. Бірақ бір жылдың ішіне ор­алмандардың көпшілігі құжат­тарын түрлі себептермен дай­ын­­дап үлгер­мегендіктен, бес жылға дейін күтуге мәжбүр бол­ды. Солардың өтінішімен шілде  айында олардың оралман куә­лігінің мерзімі тағы үш айға ұзар­тылды, яғни олар алты айдың ішінде жергілікті ат­қарушы органдарға өтініш берсе болғаны, бес жыл бойы сар­саң­ға түспейді. Мен сол заң жоба­ларына жетекшілік жасадым. Қазір Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі көші-қонға байланысты жаңа заң жобасын дайындап жатыр. Ол Үкіметте қаралып, мамыр айында Парламентке келеді деп күтіп отырмыз. Ағайындар «орал­ман куәлігі» мен Қазақстан азаматтығын алу үшін екі мәрте құжат тапсырып жүр. Әуре-сарсаңды жою үшін жаңа заңда екеуіне бір-ақ рет құжат тапсыру көзделіп отыр. Бұл сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге де мол мүмкіндік болмақ. Сосын шетелдердегі қандастарымыздың Қазақстанға келіп визасыз және Қазақстан азаматтығын алмай-ақ жұмыс істеуіне, бизнесін ашуға жағдай жасайтын нормалар қарастырылатын болады. Осы нормалар заңға енеді деп министрлік өкілдері қуантып отыр. Мұны біз – депутаттар тек құптаймыз»  дейді халық қалаулысы.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу