Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 450 мемлекеттік орган бар. Оларда 4149 адам қызмет атқарып жүр. Ал 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Масимова хабарлады.

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

2018 жылы облыста мемлекеттік органдар 2065 бос лауазымға байқау жариялаған. Осы конкурстарға 2170 үміткер қатысып, олардың ішінен 1156-і жеңімпаз болып шығыпты.

- Конкурстың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларына байқаушылар қатыстырылды, - дейді Венера Нұрахметқызы.

2018 жылы өңірде әкімшілік мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына түсу үшін заңнамаларды білуге арналған сынаққа 2404 адам қатысып, 57%-ы тестілеуден өте алмаған. Ал құқық қорғау қызметіне түсуші 1743 адамның 39,4% ғана тест сынағынан сүрінбепті.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан