17 Қаңтар, 2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі аса күрделі «Қошқар-Ата» қалдық қоймасынан шығатын уытты қалдықтардың шаңытуын бәсеңдету мақсатында қалдық қоймасына жыл сайын Ақтаудың кәріздік тазарту қондырғысынан шыққан 8-8,5 млн м3 су айдалып келеді.

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді

Оның оңтүстік және оңтүстік-батыс бетінде 2015-2017 жылдары 8,2 га жасыл қорғаныш белдеуі өсірілсе, одан кейін, 2017-2019 жылдары 30 га участокке жасыл белдеу өсіріле бастады. 2018-2020 жылдар аралығында тағы да 50 га участокте жасыл қорғаныш белдеуі құрыла бастады. Барлығы 88,2 га – 100%, соның 2018 ж – 50% орындалды, 2019 ж – 30%, 2020 ж – 20% орындалады деп күтілуде. Қалдық қоймасының ел қоныстанған жиектері жасыл қорғаныш белдеуімен толық қоршалып шыққанға дейін жұмыс жалғаса береді. 

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбековтің айтуынша, Маңғыстауда ауаға шығарылатын зиянды заттардың нормативтері 14,8 мың тоннаға азайған.

- Облыста атмосфералық ауаның тазалығын жақсарту үшін экологиялық шаралар алынып келеді. 2017 жылы мемлекеттік экологиялық сараптама мен экологиялық рұқсат беру сатысында ауаға шығарылатын зиянды заттардың нормативтері 14,8 мың тоннаға азайды, 2018 жылы да тенденция сақталды. Жылдан-жылға уытты қалдықтардың атмосфераға шығарындылары азаюда, - дейді басқарма басшысы.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы