Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысы бар күдіктілердің аты-жөні мен фотосын жариялады. Оларға мемлекетаралық іздеу салынған. 

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

 «Қарағанды облысы Полиция департаменті 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданында болған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кешенді тергеу жұмыстарынан кейін қылмысқа қатысы бар үш адам анықталды. Күдіктілерге мемлекетаралық іздеу жарияланды», делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Естеріңізде сала кетейік, алты күн бұрын «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК екі инспекторы мен браконьерлер арасында қақтығыс болып, табиғат қорғаушылары ауыр жарақат алған-тұғын. Көп ұзамай инспектор Ерлан Нұрғалиев қаза тапты.

Сондай-ақ инспектор өліміне күдіктілердің аты-жөні жарияланды. Олар: К.В. Ақшановтың, Б.М.Ахметов және Н.М.Шүкілдеков. Облыстық Полиция департаменті күдіктілерге қатысты мәлімет білетіндерді 102 немесе 8(7212)429204, 429190, 429025, 429026 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Оқиға қоғамда қызу талқыға түсті. «Egemen Qazaqstan» газеті көпшіліктің назарын аударған қайғылы оқиғаның басты кейіпкері Ерлан Нұрғалиевтің 2018 жылы түсірілген фотосуретін  «Апта фотосы» ретінде жариялады.