Әлем • 19 Қаңтар, 2019

Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мексикада құбыр жарылып, 20-дан астам адам қаза болды

Жұма күні мексикалық Идальго штатында құбырда күшті жарылыс және өрт болды.

El Universal газеті хабарлағандай, оқиға жүздеген адам отынды тонаған кезде болған. Олар тесілген құбырдан аққан жанармайды бидондары мен канистрлеріне құйып жатқан кезде жарылыс болған.

Идальго штатының губернаторы Омар Файяд алдын ала мәліметтер бойынша кемінде 20 адам қаза болғанын хабарлады. Тағы 54 адам жарақат алып, екінші және үшінші дәрежелі күйік алды.