Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Атырау облысындағы Мақат пен Доссор поселкелерінің арасындағы жолдың жағдайы сын көтермейтіні туралы біраз жылдан бері мәселе көтеріліп келе жатқан еді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан осы аумақ та күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ауданға жұмыс сапары барысында жол құрылысы биыл бірінші жартыжылдықта аяқталып, пайдалануға берілетінін айтты.

Егемен Қазақстан
19.01.2019 10613
2

Мақат - елдімекендерінің саны жағынан облыстағы ең шағын аудан. Соңғы жылдары айтарлықтай инвестиция тартып отыр. Өткен жылы негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 11 млрд 853 млн теңгеге жетті. «Былтыр ауданда 26 320 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Экономиканың барлық секторларында 1730 жұмыс орны құрылды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24,1 % жоғары»,-деп атап өтті аудан әкімі Жұмабай Қарағаев халыққа есеп беру жиынында.

Өңірдегі жаңалықтың бірі - Қарабатан станциясында «Сұйылтылған көмірсутегі газын қабылдау, сақтау және жүктеу» жобасын жүзеге асыру бойынша жобалық жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр. Жобалау жұмыстары 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталады.

-Жобаны, құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезінде 500 жұмыс орны ашылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кешенге жыл сайын 750 мың тонна сұйылтылған көмірсутегі газы түседі деп күтілуде. Жобаны іске асыру аудан бюджетін 700 млн теңгеге толықтыруға мүмкіндік береді, - дейді аудан әкімі.

Ауданда құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өту керек. Биыл Доссор поселкесінде 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталады. С.Шәріпов атындағы мектеп-интернат пен Л.Шахатов атындағы мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Доссорда 5,8 км автожол, 3,4 км жолаушылар жолы жөнделеді. Биыл Доссорда 100 орындық санаторлық типтегі балабақша пайдалануға беріледі. 280 орындық балабақша салынады. Қазір аудан бойынша балабақша кезегінде 800 бала тұр. Үш балабақшаның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Осындай жұмыстар Мақатта да қолға алынады. Өткен жылы басталған поселкедегі тазарту қондырғысының құрылысы биыл аяқталады деген жоспар бар. Аудан басшысы осы арқылы экологиялық проблемалар шешімін табатынын айтты. Бүгінге дейін барлық кәріз қалдықтары тазармаған күйінде булану алаңына құйылып келеді.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аудандық қорғаныс істері бөлімі мен санаторлық типтегі «Шапағат» балалар бақшасына да барды. Аудандық қорғаныс істеру бөлімінде облыс әкімі жақын арада жаңа ғимарат құрылысы басталатынын атап өтті. «Қазір аудандық қорғаныс істері бөлімдеріне жаңа ғимарат салудың типтік жобасын жасап жатырмыз. Бірінші нысан Махамбет ауданында салынады, кейін басқа аудандарда да жалғасады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс байқалады. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы да жақсы дамып, саладағы жалпы өнім 749,8 млн теңгеге өсті.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу