Кеңсе қызметкерлерінің саулығын кім ойлайды?

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп тегін айтпаса керек. Сондықтан да халқымыз денсаулықты бірінші байлық деп есептеген. Исламда «денсаулық – Алла тағаланың адам баласына берген аманаты» деп түсіндіріліп, оны қолда барда қадірі жоқ нығметке жатқызады. Бүгінде дәрігерлер қимылсыз қызметтің жүрек және қан тамыры аурулары, семіздік, белсіздік пен бедеулік, сусамыр (қант диабеті) сияқты т.б. көптеген дерттің көбеюіне себеп болып отырғанын, сондай-ақ барлық ауру түрлерінің жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Денсаулығымызды күнкөрістің көлеңкесінде қалдырмай, аманатқа қиянат жасамау үшін біз не істей аламыз? 

Егемен Қазақстан
22.01.2019 6226
2

Дәрігерлер болса соңғы уақытта жүрек-қан тамыры ауруларының, қант диабетінің, семіздіктің және бел­сіздік пен бедеуліктің көбеюін дене шынықтырмаумен байланысты­ра­ды. Психологтар да күні бойы қоз­ға­лыссыз қызмет ету адамның жүйке жүйесін және қан айналымын әл­сі­ре­тіп, мидың қызметін нашарлататынын айтады. Ғылыми зерттеулерді алға тартқан психологтар адам екі сағат са­йын қозғалыста болып, түсте 15 минут мызғып алғаны дұрыс дейді. Әйтпе­ген­де адам бойына жаман энергия­­лар жиналып, торығуға тез тап болады екен. Бұл өзгелермен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізетін көрінеді.

Темекі тартатын орын бар, вело­тұрақ жоқ

Қытайда мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне сабақтан соң екі сағат сыныпта отырып көз гимнастикасын және алаңға шығып радио гимнас­тикасын жасау міндеттелген. Олар бұл қатаң тәртіпті қыста да, жазда да орындауы тиіс. Бұған қоса миллиардтар елі түскі үзіліске кемінде 2 сағат уақыт бөлген. Осы уақыт ішінде олар түстеніп те, ұйықтап та үлгерулері керек. Қытай тарихындағы үздік 10 дәрігердің бірі болған Хуа Тоның жазбасында: «сағат 11:00-13:00 аралығы, жүрекке қуат жеткізілетін уақыт, бұл мезетте ұйықтауға мұрша болмаса, 15 минут жайланып отырып, көзді жұмып жүйкені тыныштандырсаңыз, жүрек қуатыңыз толық болмақ» деген кеңес айтқан. Бұл Сингапурда да қалып­тасқан. Сондай-ақ түскі ұйқы Жа­­пония мен АҚШ компания­лары қыз­меткерлері үшін де тәжірибеден өткі­з­­ілуде. Испания мен Латын Амери­ка­сы елдерінде «сиес­та» (түскі үзіліс) деген түсінік бар. Яғни олар күннің ең ыстық уақытында жарты күн дема­лады. 

Астана тұрғыны, аудармашы Ернат Қашқынов елімізде кеңсе қыз­­мет­­керлерінің спортпен айна­лы­суына ешқандай жағдай қарас­ты­­рыл­мағанын айтып қын­жы­лады. Ол Астана сияқты мегаполистерде арнайы спорт залдарына бару қаржы мен уақыт жағынан тиімсіз екенін айтады. «Кеңсе қыз­мет­кер­лерінің жұмыс орнын тастамай спортпен айналысуына жағдай жасау – қазіргі заманауи менеджменттің жаңа бағыты. Астана мен Алматы сияқты ірі қала­лар­да спорт кешендеріне бару қымбат және жол кептелісін қосқанда көп уақыт алады. Сондықтан бизнес орта­лық­тарында кішігірім спорт залдарын көптеп ашу өзін-өзі ақтайды деп ойлаймын. Өз басым жұмыста екі сағат сайын үзбей жаттығу жасап отырамын. Бес жылдан бері жұмысқа велосипедпен барып-келіп жүрмін. Әр ғимаратта темекі тартуға арналған зал­дар мен орындар бар. Әсіресе банк­терге барғанда велотұрақ таппай қиналамын. Осы кемшілікті көргенде көңі­лің қалады», дейді әуесқой велошабандоз Е.Қашқынов.

Кеңселерге орнатуға болатын спорт­­­­­тық жабдықтардың ішінде үс­тел теннисі сұранысқа ие екені бел­­­­гілі. Бұл қол-көз координациясын жақ­­сартып, ақыл-ойды сергітеді. Кон­цент­­р­ация мен тактикалық стратегияны дамы­­тады. Ойлау шапшаңдығын арттырып, мидың қызметін арттырады. Осы сияқты ұлттық ойындарды да жаттығу зал­дарына қосатын кез келген сияқты. Осы ойды қолдайтын Е.Қаш­қынов асықты залда ойнауға бағыт­тау керек екенін айтады. «Спорт залдарын ашқан кезде ұлттық спортты да ескерген жөн. Мысалы, асық ойынын заманға лайық­тап, модернизация жасауға болады. Оның да үстел теннисі сияқты көзге, буынға өте жақсы әсері бар», дейді ол. 

Денсаулықты күту – өз қолыңызда

Психолог Кәмшат Бекжігітованың пікірі қандай жағдай болмасын ден­сау­­лықты сақтау адамның өзіне ғана байланысты дегенге саяды. «2 сағат сайын қимыл-қозғалыстың болуы мидың белсенді жұмыс істеуіне және істеп отырған ісіңізге тың идея­лар­дың келуіне көп көмегін тигізеді. Қоз­ға­лыс­сыз еңбек адамның психологиясынан бөлек, физиологиясына да кері әсерін бермек. Бірақ кез келген жерде қарастырылған жағдайды іздеудің керегі жоқ. Ең алдымен адам өз өзіне мүмкіндік жасауы тиіс. Отырған жерде жасай беруге болатын 30 секундтық жат­тығулар болады. Сондықтан ден­саулықты күту де өзіміздің жауап­кер­ші­лігімізге байланысты», дейді. 

Қазақстанда жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульттен зардап шегеді. Ал халықтың 70 пайызында қан қысымы жоғары екен. Бүгінде осының барлығына саламатты өмір салтын сақтамау себеп болып жатқанын жеткізген дәрігерлер ұзақ уақыт қозғалмай жұмыс істегенде күш омыртқаға көбірек түсетінін айтады. Сол себептен де жасы да, жасамысы мойын, арқа, бел омыртқасының түрлі ауруынан зардап шегуде.

Астанада Абай Баймағамбетовтің қазақ гимнастикасы «Айкүнені» дәріп­теп, оған иоганың элементтерін қосып студия ашқан Мерей Анас соңғы уақыт­­та омыртқа ауруларына жастар да жиі шалдығып жатқанын айтады. «Денсаулық сақтаудың құпия­­сы – қозғалыс. Тек сыртқы бұл­шық еттер ғана емес, іш құрылыс дұрыс жұмыс істеуі үшін ішкі ұсақ бұл­шық еттер де қозғалуы керек. Оны біз арнайы жаттығулар арқылы шынық­­тырып, қалпына келтіреміз. Адам­ның денсаулығын омыртқаның жай-күйіне қарап айтуға болады деген сөз бар. Өкініштісі, соңғы уа­қыт­та омыртқаның қисаюы (сколиоз), ше­мір­шектің өсуі (грыжа), остеохондрозбен ауыратын кісілер көбейіп барады», дейді «Arqadem» студиясының басшысы, бас нұсқаушы М.Анас.

Заңмен реттелуі керек

Ұжымда дене шынықтыруға ар­налған орындарды ашу үшін Ең­бек кодексі бойынша жұмыс беру­ші мен жұмыскердің қандай келі­сім­ге кел­уі керектігін білу мақсатында Қаз­ақ­с­тан кәсіподақтар федерациясына ха­бар­ластық. Кәсіподақтар федерациясы тө­ра­ға­сы­ның кеңесшісі, Астана қаласы кә­сіп­одақтар орталығының төрағасы Тастанбек Есентай қызметкерлер үшін игілікті істің басталғалы жатқанын айтып қуантты. 

«Бұқаралық спортты дамытуға арналған іс-шара­лар­ға қарапайым халық­тан гөрі, кәсіби спорт­шылар көп қатысып жүр. Елі­мізде жылына 55 млрд теңге ау­ру себебімен уақыт­ша жұмысқа жарамсыз парағын аш­қыз­ған кісілерге кетеді. Неге біз осы мил­лиардтаған ақшаны ауырмайтын жол іздеуге жұмсамаймыз? Біз осы олқылықтың орнын толтырып, спарта­киадамен ғана шектелмей, кез келген ұжымда әрбір қызметкердің спортпен айналысуына жағдай жасау үшін 2018 жылы 26 желтоқсанда кәсіподақтар федерациясының жанынан Спорттық сауықтыру қоғамын аштық. Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының бағдарламасына және Халықаралық еңбек ұйымының ере­жесіне сай бағдарлама жа­сап, саламатты жұмыс орнын қам­тамасыз етуді көздеп отырмыз. Жа­қында «Қазақстан Парамаунт Ин­жин­иринг» ЖШС-мен келістік. Онда 700-дей адам жұмыс істейді. Олар­дың кәсіподақтар жиналысына қатысып, ұжымға көрсеттік. Барлығы қолдап отыр», деген Тастанбек Құтжанұлы жұмыстың тәртібін былайша түсіндірді.

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында әрбір жұмыс беруші өзінің жұмыскерлерінің және оның отбасының спортпен айналысуына жағдай жасауға болады деп көрсеткен. Бұрын бұл міндетті еді. Біз енді спортпен айналысуды өндірістік кеңес арқылы ашпақпыз. Еңбек кодексінің 203-бабында ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құрудың ережесі көрсетілген. Соған сай жарғыларымызды жасадық. Әр ұжымға сауалнама жүргізіп, спорттың түрі анықталады. Сұранысқа сай спорттық секциялар ашылады. Спорттық секциялардың ашылуы сол ұжымның мүмкіндігіне байланысты. База болмаған жағдайда біз қаланың ішіндегі барлық спорт кешендерімен меморандумға отырамыз да, сол жұмыскерлерге кәсіподақтар тарапынан жеңілдік жасап, спорт кешендеріне баруына мүмкіндік жасаймыз. Спорттық секцияларға қатысқысы келмейтін кісілерді аптасына бір рет балық аулауға, тауға шығуға ұйымдастыру да кәсіподақтың жұмысына жатады. Шахта сияқты орындарда ауыр жұмыс жұмыскерлердің жағдайы да қарастырылады. Яғни оларға оңалту орындарын ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек өндірістік гимнастикамен күнделікті айналысу ұсынылады. Гимнастиканы жүргізетін нұсқаушыны да дайындаймыз және олардың деңгейін көтеру де біздің мойнымызда. Сондай-ақ спорттық жарыстарды жиі ұйымдастырылатын болады», деп сендірді кәсіподақ өкілі. 

Майгүл СҰЛТАН,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу