Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

Семейдегі «Хоспис» КГКП мекемесінің бас дәрігері Ғалия Жуасбаеваның айтуынша, оларда аса ауыр халдегі науқастар емделеді. 

Егемен Қазақстан
22.01.2019 8582
2

Инсультқа ұшыраған аурулар, онкологияның 4 және 3-інші стадиясындағы сырқаттар өте көп. Бірақ, «Хосписте» Семей қаласы бойынша небәрі 30 төсектік орын бар. Сол 30 орын да толып кеткен. Хоспис-Ирландия елінің қаржылай көмегі арқылы тұрғызылған аурухана. Айта кету керек, үкіметіміз соңғы кезде медицина саласын іргелі дамытып отыр. Егер 2010 жылдың бюджеті мен қазіргі бюджетті салыстырса айырмасы жер мен көктей. 

- Облыстық әкімдік тарапынан Семейдің медицина саласына көңіл бөлу жоғары деңгейде, ауруханалар жаңа технологиялармен жабдықталған, - деді Ғалия Жуасбаева, - десек те, мен осы Хосписке жұмысқа кірген кезде мұндай жағдай басқаша екенін көрдім. Бізге төсек тартып жатқан ауру адамдар түседі. Сондай адамдарды жақындары аударып, төңкеріп, тазалап, жағдай жасамағанын байқаймыз. Яғни тұрғындар, ауру адамды үйде қалай күту керек деген мәселеден бейхабар болып отыр. Бізге кеп түскен науқастың мұндай жағдайда қалыпқа келуі өте қиын. Егер біз жылына 240-250 науқас қабылдасақ, оның 60-тан астамы қайтыс болады. Екі не төрт бөлмелі үйі бар адамдардың бір туысы ауырып алса, бір бөлме толықтай науқасқа беріледі. Баласы бар үйлерде бұл қиын. Онда ауырып жатқан адамда мүгедектік болмаса, сол адамға қажетті гигиеналық памперс сияқты құралдарды ақшаға сатып алуға тура келеді. Мәселен, бізде бір зейнеткер ата бар. Бәйбішесінің көзі көрмейді, ұзақ жылдан бері төсек тартып жатыр. Мүгедектігі жоқ болғандықтан оған бәрін сатып әперуге тура келеді. Сол ақсақал өзінің зейнетақысына киіндіреді, дәрісін әпереді, тамағын әпереді. Мен осындай адамдарға тегін көмектер болса деп біраз жерге шықтым. Бірақ заң бойынша мүгедектігі бар адамдарға ғана дәрі-дәрмек, тағы біраз жеңілдік бар екен.

Ғалия Жуасбаеваның айтуынша, жақында ғана Денсаулық сақтау министрлігімен селекторлық кеңес өткен. Онда елімізде паллиативті көмек беруді жолға қою туралы айтылыпты. «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында өткен дөңгелек үстел барысында «Хоспис» ауруханасының бас дәрігері Ғалия Жуасбаева партиялықтардан көмек сұрап, көптеген жағдайдың басын ашып айтты. Семейде де паллиативті медицинаны және «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алудың маңыздылығына тоқталды. Себебі ауруханадағы 30 орын әлдеқайда аз болып тұр.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ

«Егемен Қазақстан»

Семей

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу