Әлем • 23 Қаңтар, 2019

Қытайдың ІЖӨ-нің өсу қарқыны ең төменгі деңгейге жетті

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Қытайдағы экономикалық өсім 30 жылдағы минимум көрсеткішке дейін баяулады. 

Қытайдың ІЖӨ-нің өсу қарқыны ең төменгі деңгейге жетті

ІЖӨ-нің өсу қарқыны 12 ай ішінде төмендеп, орташа есеппен алғанда 6,6%-ды құрады. Айта кетейік, бұл көрсеткіш ресми болжамдармен сәйкес келді. Ішкі жалпы өнім 13 триллион доллардан асты.

Қытайдың мемлекеттік статистикалық басқармасы экономикалық жағдайдың нашарлауын ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда-саттық соғыспен байланыстырады.

 «АҚШ пен Қытай арасындағы сауда даулары осы екі елдің, басқа да мемлекеттердің экономикасына теріс әсерін тигізеді. Әрине, біз түрлі шаралар қолданып, дамуға қол жеткіздік. Қытай мен АҚШ ынтымақтастығы экономикалық тұрғыдан алғанда екі тарапқа да пайдалы, ал конфронтация жағдайында екеуі де ұтылады. Негізі ҚХР мен Құрама Штаттардың ынтымақтастығының тиімді жағы көп, ал арадағы келіспеушілік әлемнің барлық мемлекеттеріне әсер етеді», - деп мәлімдеді Мемлекеттік статистикалық басқарма басшысы Нин Цзичжэ.

Өткен жылы Қытай мен АҚШ арасында сауда-саттық соғысы өршіп кетті. Оның ең соңғы көрінісі - Құрама Штаттардың Қытайдан келген 200 миллиард долларлық тауарға 10 пайыздық баж салығын енгізуі. Бұған жауап ретінде Пекин американдық өнімдерді 60 миллиард доллар көлеміндегі өнімді жеткізу бойынша тарифтерді 5 және 10 пайызға көтерді.

Екі ел көшбасшысы желтоқсанда үш айлық бейбіт келісімге келді.

Соңғы жаңалықтар