Аймақтар • 23 Қаңтар, 2019

Талдықорғанда көп балалы аналар баспана кезегін күтіп жүр

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 2 мыңнан астам көп балалы ана тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың белсенді аналар тобымен кездесуінде айтылды.

Талдықорғанда көп балалы аналар баспана кезегін күтіп жүр

Өткен жылдың желтоқсан айында аймақ басшысының қабылдауына жазылған бір топ көп балалы ана Талдықорған қаласындағы тұрғын үй кезегіне қатысты мәселе көтерген болатын. Әкім «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне үй кезегіне қатысты туындаған проблеманы өз бақылауына алып, оңтайлы шешуге уәде берген еді. Бұл жолғы қабылдауда әлеуметтік салаға жауапты мамандар мен тұрғын үй құрылысы саласындағы басшыларды да  шақырып, атқарылған іс жайында есептерін тыңдады.

Облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев аналарға аудан, қала әкімдеріне тоқсан сайын кезектің жылжу реті, берілген үйлер туралы есеп беріп отыру тапсырылғанын айтты. Ал қала әкімі Д. Шалтабаев көп балалы отбасыларға берілетін көпқабатты үйдің орны таяу арада облыс әкімімен келісілетінін жеткізді.

Өз кезегінде көп балалы аналардың уәжін және әкімдік өкілдерінің баяндауын тыңдаған облыс әкімі А. Баталов алдыңғы берілген тапсырмалардың, соның ішінде кезек реті туралы ақпарат беру ісінің әлі де реттелмегенін, көп балалы отбасыларына арнап үй салу мәселесінде де нақты ұсыныс жоқтығын сынға алды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы