Қазақстан • 25 Қаңтар, 2019

Кеше елордаға мың тоннадан астам көмір жеткізілді

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қаңтардағы жағдайға сәйкес, елордадағы қатты отынның жалпы қоры 17 041,5 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Кеше елордаға мың тоннадан астам көмір жеткізілді

24 қаңтарда елордаға 1 035 тонна көмір әкелінді. Оның 621 тоннасы –  «Шұбаркөл», 414 тоннасы – «Қаражыра» көмірі.

Ал көмір бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,

«Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. 2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін көмірдің 339,5 мың тоннасы сатылды.

Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.