Футбол • 25 Қаңтар, 2019

ЕУРО-2022 турнирі Қазақстанда өтуі мүмкін

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футзалдан ЕУРО-2022 турнирін өткізуге қызығушылық танытып отыр. Бұдан бөлек тағы алты мемлекет дүбірлі доданы өздерінде өткізуге ынталы. 

ЕУРО-2022 турнирі Қазақстанда өтуі мүмкін

Футзалдан ЕУРО-2022 турнирін өткізу бойынша өтінімдерін тапсыру 2018 жылдың 12 қазанында басталды. Ол 21 қаңтарға дейін жалғасты.

Оған жеті ұлттық бірлестік қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында Босния, Қазақстан, Литва, Голландия, Португалия, Франция және Швеция бар. 

Турнирді ұйымдастыруға ықылас таныту ешқандай міндет жүктемейді. Өтініш қабылдау мерзімі 2019 жылдың 30 мамырында аяқталады. Ал 2019 жылы 24 қыркүйекте УЕФА атқару комитеті ЕУРО-2022 турнирін өткізетін елді таңдайды. 

Осы уақытқа дейін ЕУРО футзалы екі жыл сайын өткізілді. Алғашында финалдық кезеңге сегіз команда қатысты. 2010 жылы қатысушылар саны 12-ге дейін өсті.

Ал 2022 жылдан бастап футзалдан Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңі төрт жылда бір рет болады, оған 16 команда қатысады.