Спорт • 30 Қаңтар, 2019

«Испания Вуэльтасына» қатысатын құрама белгілі болды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-10 ақпан аралығында веложарыстан «Валенсия Вуэльтасы» көпкүндігі өтеді. Бұл сайыста Қазақстанда іргетасы қаланған «Астана» клубы да бақ сынайды. 

«Испания Вуэльтасына» қатысатын құрама белгілі болды

90 жылдық тарихы бар жарыста көбіне-көп жергілікті спортшылар (45 рет) топ жарғанымен, ара-тұра Франция мен Португалия (4 реттен), Германия, Бельгия, Италия (3 реттен), Голландия (2 рет), Ирландия, Колумбия, Ресей және Швецияның (1 реттен) өрендері де өрелі өнерлерімен көзге түсуде. Сондай-ақ, «Валенсия Вуэльтасының» жеңімпаздары қатарында Қазақстанның да велошабандозы бар. Ол – Александр Винокуров. Осыдан дәл 20 жыл бұрын, яғни 1999 жылы даңқты жерлесіміз айтулы додада шара шыққан еді.

Биылғы «Валенсия Вуэльтасында» «Астананың» сапында Горка Изагирре, Омар Фрайле, Пелло Бильбао, Хьюго Хоул, Магнус Корт, Луис Леон Санчес және Ион Изагирре сынды саңлақтар өнер көрсетеді.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»