30 қаңтарда елордаға 3 243 тонна көмір жеткізілді. Оның 897 тоннасы – «Шұбаркөл», 1242 тоннасы – «Майкөбе», 1104 тоннасы – «Богатырь көмір» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей: «Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге, «Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге, «Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге. Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. 2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін 339,5 мың тонна сатылды. Бүгінгі күні, көмір нарығында жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Астана қаласы әкімдігінің көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өз бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.
30 қаңтардағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 14 711,29 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басты міндет - «Көрінбей көру, өлмей келу»
Әскер • Бүгін, 14:57
Бұқпа өзенінің арнасы тазаланды
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Президент • Бүгін, 11:49
Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті
Теннис • Бүгін, 11:16
Елдің бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
Ең жас автошабандоз жол апатынан көз жұмды
Қоғам • Кеше