Жамбыл өңіріндегі жарық «жыры» жалғаса бере ме?

Бүгінгі таңда адам үшін әрбір қажеттіліктің қаражатқа келіп тірелетіні белгілі. Күнделікті тіршілік, күнкөріс қамының өзі қарапайым көпшілікке оңай тимейтіні анық. Тұрғындардың күнделікті тұтынатын су, жарық, көгілдір отын және тағы да басқа қажеттіліктері бар. Мұны төлеудің өзі кейбір отбасына оңай емес әрине. 

Егемен Қазақстан
31.01.2019 7438
2

Дегенмен, көпшіліктің әр жыл сайын билік тарапынан бір жақсылық күтетіні рас. Бұл орайда Елбасының әрбір Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріліп келе жатқандығын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керектігін айтып, негізсіз өскен тарифтерге тоқтау салу қажеттігі туралы тапсырма берген болатын.

Президенттің бұл пәрмені әрине қарапайым халық үшін қуанышты жағдай. Ай сайын әр тариф көрсеткішінен аздап болса да үнемдеген отбасы үнемделген қаражатты қажетті бір шаруаға жұмсайтыны анық. Мұны айдан жылдарға шаққанда да тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына таптырмас жағдай бұл. Мемлекет басшысының бастамасынан кейін-ақ, Жамбыл облысының әкімдігі бұл мәселеде бірқатар жұмыстар атқарды. Тіпті, былтырғы жылдың соңын ала осы мәселеге қатысты өткен жиында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өңірде тауарлық газ тарифінің және өзге де тарифтердің келесі жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінен бастап тиісінше төмендетілгенін айтқан болатын. Күткен адам үшін жыл да жаңарды. Сонымен қатар, тауарлы газды тасымалдау қызметінің құны да 25 пайызға төмендетіліп, 1,0 текше метр үшін 8,5 мың теңгеден 6,4 мың теңгеге түсетіндігі айтылған. Бұл әрине, көпшілік үшін көңіл қуантарлық жағдай. Дегенмен, тариф төмендетуде де өңірде бір мәселенің орын алып отырғанын айта кету керек.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Дүйсембиевтің айтуынша, Елбасы Жолдауын іске асыру жөнінде жұмыс бар, алайда мәселе де жоқ емес екен. «Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес, тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуге, табиғи монополиялар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің тұтынушылар қаражатының пайдаланылуын бақылау мен оның ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жедел шаралар жүргізіліп жатыр», дейді ол. Аталған департаменттің мәліметінше, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы өзінің тариф құнын 27 272,74 теңгеден 25 548,62 теңгеге, «Таразэнергоорталық» АҚ тарифін 1897,65 теңгеден 1681,21 теңгеге, ал «Жамбыл Жылу» мекемесі тарифін 3480,99 теңгеден 3034,79 теңгеге дейін төмендетіпті. Тіпті «Тараз Су» мекемесі тариф бағасын өткен жылдың 1 қазанынан бастап-ақ 22 пайызға төмендеткен екен. Бұл да халықтың әлеуметтік жағдайымен санасудың, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді іске асырудың нақты көрінісі болса керек.

Алайда департамент басшысы Ерболат Дүйсембиев жарық тарифін төмендету мәселесінде қиындықтар туындап отырғанын да айтып берді. Бұл халықтың күнделікті пайдаланып отырған қажеті болғандықтан, жарық тарифінің төмендегені әрине, тұрғындар үшін теріс емес. Әр отбасы айына орта есеппен үш мыңнан бес мың теңге аралығына дейін жарық жағады десек, оның төмендеуі ел үшін пайдалы болмақ. Мәселен, өңірді жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Жамбыл Жарық Сауда-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тариф мөлшерін төмендетуге қарсы екен. Департаменттің мәліметінше, тариф жеке тұлғалар үшін 14 теңге 95 тиыннан 13 теңге 87 тиынға, яғни -1,0 теңгеге, ал заңды тұлғалар үшін 22 теңге 28 тиыннан 20 теңге 70 тиынға, яғни -1,4 теңгеге төмендетілуі тиіс болған. Біз бұл мәселе бойынша «Жамбыл Жарық Сауда-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Марат Дүйсенбиевпен сұхбаттасқанымызда, ол тариф төмендетудің негізсіз екенін айтты.

«Облыстағы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне біз тариф бағасын 16 теңге 72 тиыннан 16 теңге 60 тиынға түсіруге өз еркімізбен өтініш жасағанбыз. Алайда, департамент бұл ұсынысты бір ай қарап, ақыры бағаны 15 теңге 50 тиынға бірден түсіріп жіберді. Біз содан келіспейтінімізді айттық. Себебі, жарықты сатып алу, тасымалдау бағалары жыл сайын өсуде. Заң бойынша олар тариф көтерілген кезде ғана қарауы керек. Ал біз тарифті өз бетімізше көтерген жоқпыз ғой. Бұл өздері бекітіп берген баға. Ал енді мекеме департамент түсіріп тастаған бағамен жұмыс істейтін болса, тек шығынға ұшырайды. Кіріс мүлдем болмайды. Мекемеде бүгінде облыс бойынша 250-ден астам қызметкер бар. Ал бұл төмен көрсеткішпен біз айлық төлейміз ба, жоқ, басқа да қызметтердің ақысын төлейміз ба, білмеймін. Жағдайымызды қиындатып жіберді. Бұрынғы тарифпен жұмыс істей берейік десек, жұмыс істетпей жатыр», дейді ол.

«Жамбыл Жарық Сауда-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарықты өңірдегі ГРЭС және Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар электр энергиясын өндіретін мекемелерден тасымалдайды. Өңір тұрғындарының қажеттілігіне бір жылда 941 миллион мВт жарық жұмсалады. Ал, Әулиеата халқын өзге өңірден тасымалдау арқылы жарықпен қамтып отырған мекеменің айтар уәжі осындай. Сондықтан да бұл мекеме өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу үшін сотқа шағымданған екен. Ендігі нәтижені соттан күтіп отыр. Келешекте өңір тұрғындары жарықтың тарифін төмендетілген көрсеткішпен төлей ме, жоқ па, әлі белгісіз. Дегенмен, Жамбыл өңіріндегі жарық «жырының» әзірге аяқталатын түрі жоқ.

Хамит Есаман,

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу