Жүйрік жылқының сипаттары

Тұлпардың бірнеше сипаты болады. Бүгін ішкі, сыртқы және құпия сипаттарымен бөлісеміз

Егемен Қазақстан
01.02.2019 4512
2 Фотоны түсірген Тұрар Қазанғап, «Егемен Қазақстан»

Жылқының ішкі сипаты

Жүйрік жылқыны ішкі ағзалары: жүрек, бүйрек, өкпе, бауыр, көкбауырының сипатын жетік білу арқылы тануға болады. Бұл ағзалардың қызметі жылқының жүйрік немесе шабан болуына тікелей байланысты. Жылқының жүрек қызметін көзі арқылы, өкпесін танауы арқылы, бүйрегін құлағы арқылы, бауырын тілі арқылы, көкбауыр қызметін кеңсірігі арқылы тануға толық негіз бар. Осылай жүйріктің ішкі сипаттарын білуге болады.

Көкбауыр сипаты. Шын жүйріктің көкбауыры өте кішкене болады. Көкбауырдың үлкен-кішісін жылқының тіс етіне қарап айырады. Көкбауыр кішкене болса, жылқының тіс еті ақшыл, жұқалтаң келеді. Көкбауыры үлкен болса, тіс еті барбиған, ісінген, өңі қызғылт болады. Сондай-ақ, көкбауыры кіші жылқының тағы бір сипаты: кеңсірігі кебіңкі келеді. Егер көкбауыры үлкен болса, кеңсірігі дөңес болады. Көкбауырдың үлкен-кішілігін жылқының аламайына қарап та айырады.

Бауыр сипаты. Жүйрік жылқының бауыры кіші болады. Сыртынан аңдағанда: салқы һәм жазық пошымдас. Бауырдың айнасы – тіл. Яғни, бауыр сипатын атбегілер жүйріктің тілінен байқап біледі. Бауыры кіші жылқының сипаты: тілі ұзын һәм жұқа, ақшыл келеді. Ал, тілі қызыл әрі қалың болса, ондай жылқыдан жүйрік шықпайды.

Жүрек сипаты. Дода-дудан қорықпайтын, тау-тасты елемейтін жүректі жүйріктің басты белгісі: көз айнасы қарақызыл немесе күрең түсті болып келеді. Құлақ түбі жуан, жүрген сайын екпін қосып отырады. Егер от шашқан қой көзді, құлағы жатаған, жүргенде жан-жағына алаңдағыш болса ол жүрегі нашар жылқы болғаны. Мұндай жылқы топты көргенде қалшылдап, дірілдейді, қасындағы атқа тығылғыш әрі алып қашады, қарайған-құрайғаннан жалтылдап үркіп отырады. Жетекке жүрмейді, иесіне сенбейді, шылбыр қашаған болады. Құлағы екі тарапқа жайыла біткен жылқы да қорқақ сипатқа ие. Жүрегі жақсы ат үркіп қорықпайды. Топты көргенде, алыс жолға жүргенде ажаттанып тізгін басып отырады. Жетекке желмаяша ылпылдайды. Қысқасы, иесінің ықпалына көнгіш аттардың жүрегі сау болады.

Өкпе сипаты. Өкпесі жақсы жылқының танауы кең болады. Дем алғанда, дем шығарғанда кеңсірігі жайынның желбезегіндей желбіреп тұрады. Нақтырақ айтқанда, өкпесі кең жүйріктің танауы ақбөкеннің танауына ұқсас келеді. Мұндай кең танаумен шапқан жүйрік еркін тыныстап отырады. Жүйріктің танау желбіршегі жайбарақат тұрғанда қусырылып, шапқан кезде кеңейіп, үлкейіп кетеді. Ал, мұрынның ішіндегі шершеуде 3-5 тесік болады. Бұл тесіктердің саны көп болған сайын жақсы. Ал, танау тесіктері тар немесе шершеуінде тесігі жоқ жылқылар ішке тартқан ауаны сыртқа толық шығара алмай қысылады да, өкпесінің көлемі үлкейіп қабырғасына тіреліп, тынысы тарайып, ентігіп, бауыр жаза алмай қиналады.

Бүйрек сипаты. Жүйрік аттың бүйрегі кішкене болады. Бүйрегі кіші жылқының сипаты: құлақ түбі шой, іші кең болып бітеді һәм ұшы жұқа, үшкілденіп келеді. Құлақ терісі қалың жылқыдан жүйрік шықпайды.

Қыраннан көрдім қылыш қияқтыны,

Тұлпардан көрдім құрыш тұяқтыны,

Табаны таға ілмесе тимей тұғын,

Тұяғы тасты саздай илей тұғын,

Көрмедім күрең бесті сияқтыны.

(«Жапал батыр мен Таңшебер қыз»)

Жылқының сыртқы сипаты

Жүйрік жылқының ішкі сипатынан басқа сыртқы сипаттары да болады. Осы сипаттарын білу арқылы жүйрік жылқыны танудың мүмкіндігі бар.

Маңдайы кең, иегі сүйір, қабақ сүйегі үлкен және шығыңқы етсіз, жон арқасы жалпақ, қарны, көк еті және бұлшық еттері буылтық, омырауы салпы, төрт тұяғы дөңгелек үлкен болуы шарт.

Жіліншігі ұзын сидам, тұмсығы үшкіл, сағалдырығы, тілі және құлағы басқа жылқыдан ұзынша келеді.

Екі құлағының түбі етті, құйрығы мен шат сүйегінің тұтасқан жерлері жуантық және қабырғасының аражігі қалың болады.

Мойын бітімі сопақша, екі құлақтың қалқанша ұшы жұқа, сан етінің төменгі жілікпен тұтасқан буыны және бақай сүйегі жіңішке келеді .

Кәрі жілігі, жақ сүйектің шөп шайнайтын тұсы, сауыры, құйрығы басқа жылқыға қарағанда шолақ, қысқалау сипатқа ие.

Танауының қос тесігі және көзінің үстіңгі оймасы үлкен, төрт тұяғы жалпақ, шабы алшақ (алшиған) болады.

Маңдай төбесі, шоқтығы, ұша, сегізкөзі биік келеді.

Артқы тұяқтары алдыңғы тұяқтарынан үлкен болады.

Құлағы жалынан биік шығып, артынан қарағанда ашық көрініп тұрады.

Кекілі көз аясын жаппайтындай жұмсақ, жібек сияқты есіліп тұрады.

Қарыны жұмыр, мінезі сергек, жайлы келеді.

Төрт жіліншігі, жон арқасы, сағалдырығы, тұмсығы, тілі, құлағы ұзын болуы шарт. Яғни, жылқының осы аталған мүшелері ұзын болса, бұл жүйріктіктің белгісі.

Құлағының түбі, бас бітімі, саны, құйрық түбі, шат сүйегі кең біткен және мойыны, алқымы, тұмсығы сүйір, қос құлақтың қыры мен ұшар ендігі жұқалтым жіңішке болады.

Төрт тұяғы, қос танауы, құлақ үңгісі, бұты, ауыздығы зор болып келеді және құйрық ұшы, қапталы, бақайы, тістеулігі қысқа, маңдайы, шоқтығы, сегізкөздің ұшасы биік болады.

Төрт аяғы биік сидалы, буындары шор бунақты, желкелігі мен шоқтығы жалғасқан түйнек сіңірлі, аяқтарының арасы алшақ келеді.

Сүбе қабырғасы мен мықынының арасы жақын, қабырғасының иіні доғал, арасы жиі, кеңсірігі кең, жалы ұзын, кеуденің ойынды еті үлкен, бұты алшы талтақ, көк еті қалың болады.

Бақайы тік қысқалау, қылтасы түзу әрі ұзын жылқының аяқ алысы жеңіл келеді.

Терісі жұқа, жүні тақыр, жұмсақ, айналым орайы көп жылқы еркін әрі жылдым қозғалатын болады.

Бас пішіні ұзын сопақша, етсіз, маңдайы жалпақ, иек сүйегінің шұңқыры терең, астыңғы ерні жер тіреген, танауы сүйір, езуі қалың болады.

Тісінің ойығы бүтін, қыры өткір, дара ат азуы сыртына шығыңқы болады.

Құйрық сүйегі ұзын, түбі жіңішке және қылы сұйық келеді.

Қыза шабатын жүйрік – қабылан денелі, ал, шыға салма жүйріктер төртбақ, алды-арты тең дөңгелек денелі болады.

Денесі ұзын, алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяғы ұзын еңкіш болса, өрге шабатын жүйріктің белгісі.

Алды биік, арты аласа болса еңісшіл жүйрік.

Алды-арты тең төртбақ денелі жүйріктер жазықшыл болады.

От орнындай тұяғың.

Ұшқырлы жебе құлағың,

Үкілі құйрық, майда жал,

Сауырлығың екі кез,

Шүйелі белің құрған тез.

(«Құбағұл»)

Құпия сипаты

Жүйрік жылқының құпия сипаты болатыны жайлы тәжірибелі ат сыншылары әлдеқашан айтып кеткен. Оны жылқының тісіндегі қақ, ойық, қазынақ, дақтар арқылы және көзі, шеміршегі, құлағы, т.б. мүшелерінің сипатына қарап анықтайды.

Жылқының үстіңгі күрек тісінің қызыл етінен бастап, ұшына дейін созылған жіп тәрізді ойық болса, ол жүйрік атқа тән белгі.

Астыңғы алты тістің арасы ашық, әрі сыртқа теуіп тұрса, бұл жылқыдан жүйрік шықпайды, мініс атына тән белгі.

Жылқының тілі жатық әрі жалпақ келсе, аламанға шабатын белгі.

Астыңғы тістің шеткі бөлігінде жіңішке сызықша сүйекті таңба өзек болса, бұл бабы келіссе өрен жүйрік болатын жылқының белгісі.

Үстіңгі күрек тістің етінен сәл төмен дақ болса, бұл қоянды қуып жететін ұшқыр жүйрікке тән белгі.

Астыңғы тістің қызыл етінде көз көрім ойық болса, бұл мың аттан озып келетін тұлпардың белгісі.

Үстіңгі маңдай тістің шеткісінде қызыл етіне жақын жерде жасыл дақ болса, ол өрен жүйрік жылқының белгісі.

Жылқы тісінің сыртқы мөлдір қабатында маржан тәрізді белгілер болса, «ақмаржанды» деп атайды. Бұл бап таңдайтын жүйрік.

Үстіңгі тісінде көз көрерлік кішкентай төрт ойма қобы болса, бұндай жылқы жас кезінде шаңтимес жүйрік болады.

Үстіңгі тістің сыртында ұзынша келген қазынақ сызық болса, бұл оқтай ұшқыр жүйрік болғаны.

Астыңғы тісте үш-төрт сүйек қазынағы болса, салқын күндері жақсы шабатын, ыстықта қаны тасып болдырып қалатын жүйрікке тән белгі.

Үстіңгі тістің дәл ортасында сыртқы мөлдір қабының астында сығыңқы дақ болса, бұл өрен жүйрік жылқы болғаны.

Астыңғы тістің етінде шорланған үш көк жолақ болса, жас кезінде бәйге бермейтін жүйрік жылқыға тән болмыс.

Үстіңгі тістің өң бетінде көк тарлан, орта тұсында жылтыр дақ белгісі болса, алысқа шабатын жүйрік делінеді.

Жүйріктің табаны жалпақ, май табандауы жақсы нышан.

От орнындай көрінді,

Құйған алтын тұяғы.

Төбесінде көрінді,

Қайшыланған құлағы.

(«Қарасай-Қази»)

Қыдыра жал, қыл құйрық,

Бір жылқыдан қалмадың.

Ауызыңа қарасам,

Ағып жатқан дариядай.

Танауыңа қарасам,

Тауға біткен жырадай.

Көзіңе сенің қарасам,

Толтырып көмген ұрадай.

(«Нәрік батыр»)

Бекен Қайратұлы,

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу